Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА 8 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

3 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТТА 8 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Түркістан облысында жаңа жобалар көптеп жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Қазығұрт ауданында орналасқан «Қазығұрт» индустриалды аймағында 4,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 249 жаңа жұмыс орнын ашып, халықты жұмыспен қамту  көзделген. Бүгінде индустриалды аймақта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 123 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, жаңа өндіріс орындарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қазығұрт» индустриалды аймағын аралап көрді. Жаңа жобалармен танысып, атқарылған жұмысты пысықтады. Жауапты тұлғаларға тың жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту керек екенін айтып, жұмысты одан әрі жандандырып, қолға алу қажеттігін тапсырды. Аймақтарды кеңейтіп жұмысты ары қарай дамытуға нақты жұмыстар жасау қажеттігін айтты.

Қазіргі уақытта «Билол» ЖК тарапынан 3 гектар аумақта болат шарларын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның жылдық қуаттылығы – 5000-6000 тонна. Бүгінгі таңға зауыттың құрылысы 80% аяқталып, қажетті құрал-жабдықтары орналастырылуда.

 

Сонымен қатар биылғы мамыр айында 2 жобаның құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда, «TIMUR.LES» ЖШС жиһаз, жұмсақ полиуретанды көбік және бағдарланған бөлшектер тақтасын шығаратын зауыт салуды қолға алды. Зауыт іске қосылғанда жылына 10 мың дана жиһаз өндіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «AGRO irrigation» ЖШС су үнемдеуге арналған полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт салмақ. Инвестиция құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жобаның жылдың қуаттылығы – 10 000 тонна. Қазіргі уақытта кәсіпорындар салуға қажетті жер телімдері рәсімделіп, инвесторлар зауыттардың құрылыс жұмыстарына кіріскен. «Сапа 2002» ЖШС 150 гектар жерге жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек, «Көрік ШҚ» ЖШС 2018 жылдың қазан айынан бастап алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаруда. Жоба қуаттылығы жылына – 1 мың тонна. 2019 жылдың қараша айында «CG Foods Central Asia» ЖШС тез әзірленетін тағамдар өндірісін іске қосқан. Өндіріс қуаттылығы жылына – 1100 тонна. Кәсіпорын өнімдерін Қазақстаннан бөлек, Ресей және Орта Азия елдеріне экспорттауда. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылған. Индустриалды аймақта «Асыл» ЖШС-нің автоматтандырылған ауыз су жүйесі және капсулалалар өндірісі іске қосылған. Сонымен қатар «Сабит» шаруа қожалығы «Ағанай» су қоймасына 200 мың шабақ тастап, балық өсірумен айналысуда.

Алдыңғы жаңалық

Балалардың психологиялық және эмоционалдық денсаулығы.

Келесі жаңалық

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – маңызды!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі