Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – маңызды!

3 июня, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Балалардың салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру өте маңызды, бұл баланың денесіне күш жинауға және болашақта толық физикалық ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған орай, Сауран аудандық емханасында дәрігерлер балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, профилактикалық қарап тексерулер өткізді. Сауран ауданында өткен шараның басты мақсаты, баланың денсаулығын қадағалау. Балаларды сау, мықты, Көңілді тәрбиелеу тек ата — аналардың ғана емес, сонымен қатар әр мектепке дейінгі мекеменің міндеті, өйткені балалар күннің көп бөлігін өткізеді. Осы мақсатта дене шынықтыру сабақтары қарастырылған, олар белгілі бір жастағы психологиялық ерекшеліктерге, жаттығулардың қол жетімділігі мен орындылығына сәйкес құрылуы керек. Балаға қамқорлық жасау – әрбір ата-ананың басты міндеті. Бала денсаулығы – ауырмауында ғана емес, оның толық дамуында, көңіл күйінің жақсы, сабаққа зейінді болуында. Әлемде дені сау балалардың саны төмендеп келеді. Сондықтан әрбір заманауи отбасында балалардың денсаулығына қамқорлық жасау бірінші кезекте тұру керек. Осыған орай аудандық емханада өткен игі шараға қатысқан балаларға ,дені сау бала – бұл физикалық, психикалық және эмоционалдық жағынан дамыған бала,-болып өсетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, бала адам денесінің құрылымы туралы неғұрлым ерте түсінсе, қатаю, қозғалыс, дұрыс тамақтану, ұйқының маңыздылығы туралы біледі, соғұрлым ол салауатты өмір салтына ертерек қосылады. Баланың жасына сай дұрыс салмақ қосуы, бойы, зейіні, ойнауға деген ұмтылысы, жақсы тәбет және балалармен қарым-қатынасын үнемі бақылап отыру керек. Баланың дені сау болуына ата-ананың сүйіспеншілігі  айтарлықтай рөл атқарады. Әр бала өзін, ата-анасы үшін маңызды екенін сезінген болса психикалық және эмоционалдық тұрғыдан дені сау болып өседі. Аудандық емхана дәрігерлері мұндай шаралар емханада үнемі өткізіліп отыратынын айтады. Мұның пайдасы мол. Әр ата-анаға үнемі түсіндірме жұмыстарын жасап, балалармен жұмыс жасаудың түрлі тәсілдерін көрсету, балаға деген қамқорлық пен мейірімділіктң күшейтеді.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТА 8 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Келесі жаңалық

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі