Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНАДЫ

3 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жұмыс сапарымен Қытайдың ірі экономикалық орталығы Шанхай қаласына барды. Сапар аясында ол “KYMS” және “BEESENERGY” сынды Қытайдың жетекші компанияларының басшылығымен ресми кездесулер өткізді. Кездесуде екі тарап инвестициялық әріптестікті нығайту, жаңартылатын энергия көздері, инфрақұрылым және туризм салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Түркістан өңірінде экологиялық таза энергия көздерін дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту салалары бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды. Жиында Қытайлық компаниялар Түркістан облысының экономикалық әлеуетіне қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар тиімді серіктестік орнату үшін алдағы уақытта нақты техникалық және инвестициялық келіссөздерді жалғастыруға келісті. Бұл сапар Түркістан облысының халықаралық деңгейдегі инвестициялық тартымдылығын арттыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Алдыңғы жаңалық

КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА 280 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ҚҰС ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі