Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ

3 июня, 2025
in Қоғам
0
КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір өз ісімді ашамын деген адамға мүмкіндік мол. Тек тәуе­келің тұрсын де. Бүгінде Түркістан облысы Келес ауданы ірі қара мал шаруашылығы бойынша Түркістан облысында алдыңғы қатарда. Осы орайда аудандағы Бозай ауылдық округінде орналасқан «Әбдімәлік» шаруа қожалығы қалмақ сиыры тұқымын өсіруде көш бастап тұр. Қазіргі таңда қожалықта 5300 бас сиыры бар. Шаруа тек ірі қарамен ғана шектелмей, 3000-ға жуық қой мен 300 жылқыны бордақылайды. Сонымен қатар, қожалықта заманауи мал бордақылау алаңы, мал сою және етті өңдеп, экспортқа шығаруға арналған кешендер салынған.

Кәсіпкердің сөзінше, жылына 500 тонна ет экспортталады. Алдағы уақытта оның көлемін 1 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Жалпы қалмақ сиыры шөл және шөлейт климатқа бейімделген, төзімділігі жоғары, өнімділігі мол тұқым. Жергілікті ірі қарамен салыстырғанда қалмақ сиыры су мен азықты үш есеге аз тұтынады. Қалмақ сиыры – ірі қараның етті тұқымы. Жергілікті малдың ұзақ уақыт, тек жайылымды ғана пайдаланатын көшпенділік жағдайында, табиғи сұрыпталу арқылы 16 – 17 ғасырларда, қазіргі Моңғолия жерінде шыққан. Қуаң даланың қатаң климатына әбден бейімделген. Түсі қызыл, сом денелі, аяқтары мықты, бұлшық еттері жақсы дамыған. Терісі қалың, масауылысона, шыбын-шіркей тарататын қан ауруларына төзімді келеді. Мүйіздері айшық тәрізді, ұштары сүйірленіп жоғары және ішке қарай иілген. Шоқтығына дейінгі биіктігі 122, көкірек орамы 169, жіліншік орамы 18. Бұқасы 800 – 850 кг, сиыры 350 – 550 кг, жақсы күтімдегі 18 айлық бұқашықтары 450 – 500 кг тартады. Сойыс шығымы 60 – 65%. Ұшасына майды біркелкі жинайды. Еті дәмді. Орта есеппен жылына 650 – 1000 кг сүт сауылады, сүттің майлылығы 4,2 – 4,4%. Сондай-ақ, өз кәсібін дөңгелетіп отырған келестік шаруа жыл сайын Құрбан айт мейрамында 100 бас қойды құрбандыққа шалып, ауылдастарына таратуды үрдіске айналдырған.

Алдыңғы жаңалық

ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі