Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІКҰШАҚ ПЕН ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІКҰШАҚ ПЕН ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жүк тасымалдайтын дрондарды өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін. Бүгін инвесторлар мен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің кездесуі өтті. Талаптар жобаны жүзеге асыру шарттары талқылады. Ауқымды зауыттың құрылысы үшін индустриялық аймақтар мен Сауран ауданы потенциалды орын ретінде ұсынылды. Бұл жоба өңірдегі ең технологиялық өндірістердің бірі болуы мүмкін. Шетелдік компания Түркістан облысына шамамен 290 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Зауытта 150-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылып, өңірлік өнеркәсіптің жаңа бағыттары дамуы күтілуде. Әкім ынтымақтастыққа ашық  және инвесторларды барлық кезеңде қолдауға дайын екенін атап өтті.

– Біз инвесторға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл – жай ғана жоба емес, болашаққа жасалған қадам. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық сондай-ақ туристік әлеуетке ие.  Түркістан облысы жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға мүдделі, мұндай зауыт өңір экономикасына маңызды үлес қосады, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Компания өкілдерінің мәліметінше, кәсіпорын азаматтық және арнайы мақсаттағы тікұшақтар мен дрондарды өндіреді, олар логистикада, ауыл шаруашылығында, туризмде, инфрақұрылымды бақылауда және басқа салаларда қолданылатын болады. Жоба төменгі авиация экономикасының жылдам дамып келе жатқан саласына бағытталған – биіктігі 3000 метрге дейінгі ұшу аппараттары. Заманауи техникалар қала ішіндегі әуе тасымалы, дрондар арқылы тауар жеткізу және жедел көмек көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында қолданылады. Түркістан облысы инвесторларға дамыған инфрақұрылым мен мемлекеттік қолдау ұсынады. Өңірде 15 индустриалды аймақ жұмыс істейді, 4000 гектар аумақты қамтитын «TURAN» арнайы экономикалық аймағы бар. Жалпы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы 2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №693 Қаулысына сәйкес құрылған. Аймақтың негізгі миссиясы – Түркістан қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру, оны Түркі әлемінің рухани және іскерлік орталығына айналдыру. Инвесторлар бірнеше салық түрлерінен босатылады. Сонымен қатар өңірде инвесторларға арналған «бір терезе» жүйесі енгізілген. Ірі шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатылған. Соңғы үш жылда облыста қытай капиталы қатысқан 110 миллион доллар көлеміндегі 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, тағы 1,1 миллиард долларды құрайтын 7 жоба іске асырылу сатысында. Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту, инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту мақсатында халықаралық форум өткен болатын.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА 280 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ҚҰС ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі