«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысында қызу жұмыстар атқарылып келеді. Облыс аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес өңірде арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Аталған басқосу департаментпен бекітіліп Сауран ауданындағы «Сауран аудандық емханасы» МКК ұжымында жалғасты. Кездсеуге Сауран аудандық дәрігерлер қатысып, түсіндірме жұмыстарын тыңдады.
Кездесу «Сауран аудандық емханасы» МКК-нің бас дәрігері Бахыт Еркінбекұлы Стамкуловтың және емхана қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. «Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Д.С.Асылбек еңбек ұжымына Департамент өкілдерін таныстыра отырып, ұйымдастырылып отырған кездесу мақсатын айтып, кеңінен түсіндіріп өтті. Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Төлендиев Мұрат Сағынұлы және Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы емхана ұжымына Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтарға қысқаша тоқтала отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын тарқатып айтты. Жиында өңірдегі кәсіпорындардағы жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасалды.
- Кәсіби аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық қарап-тексерулердің маңызы зор. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен белгіленген. Медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша әрбір жұмысшының денсаулық жай-күйіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау тағайындалады,-деді Сауран аудандық емхана басшысы Бахыт Стамкулов.
Жалпы, Кәсіби аурулар – нақты бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінің салдарынан пайда болатын ауру. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық қағидалардың дұрыс орындалмауынан, шу, діріл әсерінен, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтамауынан пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Кәсіби аурулар жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел кәсіби ауру – бұл әдетте қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс күнінен, бір жұмыс ауысымынан аспайтын) әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру. Созылмалы кәсіби ауру – қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру.
Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторлары міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесін де қозғап өтті. Ол бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты қабылданып жатқан іс-шаралар туралы атап өтті. Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген. Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе — әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған. Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы. Кездесу соңын мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек ұжымы тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға ҚР Еңбек кодексінде көзделген заңнамалық талаптарға сәйкес жауап берді. Ақ халатты дәрігерлер көкейдегі сауалдарына жауаптарын алды.