Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Чжан Цисян Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық саласындағы маңызды әріптестерінің бірі. Бұл ретте Мемлекет басшыларының өзара тұрақты байланыстары екі елдің берік достығы мен тығыз қарым-қатынасының жарқын үлгісі. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы ТОП-5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Түркістан облысының табиғи климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Жібек жолының бойында орналасқан аймақ. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары және қажетті жұмыс күшін ұсына алады. Қазіргі уақытта облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Түркістан облысының негізгі инвестициялық алаңдары – 15 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Инвесторларға дайын өндіріс алаңдары ұсынылады. «TURAN» АЭА қатысушылары жер және мүлік салығынан, импортқа кедендік баждардан, корпоративтік табыс салығынан, жерді жалға алу төлемінен, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Сонымен қатар жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда.
Шетелдік делегация өңірдің өндірістік әлеуеті және инвестициялық жобаларымен танысты. Кәсіпорындарды аралауға облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков қатысты. «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Данияр Бектұрғанов көкөніс сақтау қоймасы, шағын өндірістік парктің мүмкіндіктері мен бүгінгі жетістіктерін сөз етті.
Қонақтар жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» өндіріс цехын аралады. «BNK GROUP LTD» ЖШС — еліміздегі ең ірі тамшылатып және жаңбырлатып суару машиналарын жасап, ауылшаруашылығына қажетті техникалар мен тракторлар шығаратын өндіріс орны. Сонымен қатар, мектеп және медицина мекемелеріне арналған жиһаз өндіретін «Aqniet Holding» компаниясы, тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін «Jasyl Suyq Qazaqstan» зауытында болды. Түркістан облысының жиһаз өндірушілері үшін барлық қолайлы жағдай жасап, жиһаз кластерін дамыту қолға алынған. Сонымен қатар, Түркістан облысы аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сайрам, Шардара, Түлкібас аудандарында және Сарыағаш қаласында өнеркәсіптік парктер салу мүмкіндігі қарастырырылуда.
Жуырда іске қосылатын бейнебақылау камераларын жасайтын «Бір белдеу бір жол» кәсіпорнының өкілдерімен де пікірлесті. Мемлекет басшысының өзі, «Бір белдеу, бір жол» жобасының теңдессіз әрі ауқымды халықаралық ынтымақтастық үшін пәрменді платформаға айналғанын айтқан еді.
Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері. Осы салада және туризмге басымдық берілген. Мақта, ет экспорты жолға қойылған. Мақта-тоқыма кластерін дамыту мақсатында 2023 жылы Мақтаарал ауданында «Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Замануи қытайлық технологиямен жабдықталған мақта өңдеу зауыты өткен жылы 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Бұдан бөлек, облыста Қытай және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, Хэйлунцзян – Қытайдың солтүстік-шығысындағы аймағы, 30 миллионнан астам халқы бар. Ауыл шаруашылығы, өндірісі дамыған аймақ. Енді осы аймақ пен Түркістан облысы арасында іскерлік байланыс нығаяды. Кездесу соңында әріптестікті нығайту бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Қытай фабрикалары мен Қытайдағы зауыттардың басым бөлігі негізгі индустриялық орталықтарында орналасқан және шығыс және теңіз жағалауындағы провинцияларында: Цзянсу, Шанхай, Ляонине, Шаньдунде, Гуандунде, Чжецзянде, Фуцзянде, Аньхойда, Цзянси және т. б., сондай-ақ, Шанхай, Тянцзинде, Чунцинде және Гонгконгте шоғырланған. Машина жасаудың ірі орталықтары, Шанхай, Харбин, Пекин, Шэньян, Тяньцзинь, Далянь, Чунцин, Нанкин, Гуаньчжоу, Циндао, Чжэнчжоу, Сиань, Чэнду, т. б. Қытай мақтаны қайта өңдеу бойынша фабрикалары және мал шаруашылығы өнімдерінің көпшілігі елдің солтүстік-батысында орналасқан, фабрикалар мен зауыттар қағаз, қант және сүт өнімдері өнеркәсіптері негізінен Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан. Оңтүстік-батысында азық-түлік өнеркәсібі көбірек дамыған.