Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАРК САЛУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

18 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАРК САЛУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Кездесу барысында Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды. Жоба жалпы ауданы 70 гектар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарды кезең-кезеңімен іске қосудың және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш кезеңін қамтиды. Бұл құрғақ көкөністер, мал азықтық дақылдар өндіретін зауыттарды іске қосу, сондай-ақ қытай бизнесі тарапынан кемінде 15 серіктес тарта отырып, өнеркәсіптік парк салу.  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді.

Өндірістік қуаты жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіретін зауытын салу жұмыстары басталды. Инвестор инвестиция сомасын $30 млн-нан $90 млн-ға дейін арттырды, 300 жұмыс орнын ашу күтілуде. Компания бірінші кезеңде «Түркістан» ӘКК өнеркәсіп паркіндегі дайын өндіріс нысандарын жалға алды. Жақын арада жабдықты монтаждау жоспарлануда, бірінші кезеңді пайдалануға беру осы жылдың шілдесінде күтіліп отыр. Жобаны дамыту стратегиясы еліміздің Жетісу және солтүстік өңірлерінде сәбіз және сарымсақ өңдеу бойынша қосымша зауыттар сала отырып, өндірісті кеңейтуді қамтиды. Өндіруші дайын өнімді Қазақстанда сатуға, сондай-ақ АҚШ пен ЕО нарығына экспорттауға ниетті.

«Қазақстанда экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз шаруаларды қолдау шараларын едәуір арттырдық. Өткен жылы елімізде 4,5 млн тоннаға жуық көкөністен жоғары өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында биыл бақша дақылдарының егіс алқабы кеңейтіліп, 222 мың гектарға дейін жеткізілді.

Біз Wanlin Group-пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша, оның ішінде еліміздің аграрлық өңірлерінде жаңа өндірістерді орналастыруды қамтитын ұзақмерзімді стратегиялық әріптестікке мүдделіміз. Қазақстан бірлескен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру, агротехнопарктерге инвестиция салу, экспортқа бағдарланған логистикалық хабтарды дамыту арқылы кооперацияны кеңейтуге ашық», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктер мен Түркістан облысының әкімдігіне екі апта мерзімде Инвестициялар туралы келісім жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтао Қазақстан ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, АӨК өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келешегі зор барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Анықтама: Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. – Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы жетекші компанияларының бірі. Азық-түлік қызметі құрғақ көкөністерді (сарымсақ, ақ пияз және т.б.) зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға бағытталған. Қызметкерлер саны 1 мың адамнан асады, негізгі құралдардың көлемі $90 млн-нан асады. өнімдер Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдеріне экспортталады. Жылдық сату көлемі –10 мың тоннадан астам құрғақ көкөніс. Компания Nestle, Unilever, Kerry және басқа да ірі серіктестермен ынтымақтастық орнатқан.

Алдыңғы жаңалық

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ІІ ФОРУМЫ

Келесі жаңалық

Түркістанның жемісті жеті жылы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі