Түркістан облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Н.Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Мағауия Тұрысбеков жүргізді.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
2. Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
3. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
4. «Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді комиссия төрағасы Мағауия Сексенбайұлы жіті назарға алып, кейбір проблемалар бойынша арнайы комиссия бекітіп жұмысты зерделеу қажеттігін ұсынды. Жиын соңында тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан мақұлдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.