Суббота, 12 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

23 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан қаласының облыс орталығына айналып, өңірдің Түркістан облысы деп аталғанына 7 жыл толды. Осы қысқа уақытта аймақтың туризм, мәдениет және инвестиция салалары қарқынды дамуда. Тарихи шаһарға шетелдің жауапты өкілдері жиі келіп, келіссөздер жүргізіп жүргізуді дағдыға айналдырған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанға арнайы келген Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Жозе Атаиде Амаралмен кездесті. Кездесуде облыстың экономикалық, туристік әлеуеті таныстырылды. Түркістан қаласында су жаңа заманауи, зәулім ғимараттар салынып, киелі мекеннің келбеті ажарлана түсті, көркейді. Күллі түркі халықтарының астанасы болған Түркістан күн сайын көркейіп келеді. Киелі шаһарға келушілердің де қатары көп.

– Өзіңізбен тарихи Түркістан төрінде жолығып отырғаныма қуаныштымын. Облыстың даму қарқыны жақсы. Инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Португалиямен әріптестік орнатып, жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Түркістан – сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен, Еуропа мен Азияны тоғыстырып жатқан Ұлы Жі­бек жолының күретамыры, Қазақ ханды­ғының астанасы болған киелі қала. Түркі жұртының Орталық Азия мен Қазақ­стандағы теңдессіз тарихи жәдігері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орын тепкен жер. Тәуелсіздік алған жылдардан бас­тап Түркістанды түлету, Түркі халық­тарына ортақ рухани орталық дәрежесіне лайықты ету – халықтың арманы әрі мақсаты болатын. Біз туризм саласы бойынша да сіздердің тәжірибелеріңізді қарастыруға, Еуропадан келетін туристер санын арттыруға мүдделіміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Жозе Атаиде Амарал қонақжай мінез танытқан облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Мәртебелі мейман Түркістан шаһарының көркіне, даму бағытына оң бағасын беріп, туризмі дами түсетініне сенім білдірді. Әріптестік орнатып, іскерлік байланыстарды нығайтуға дайын екенін жеткізді. Тараптар инвестиция, су ресурстарын басқару, туризм және басқа да салалардағы жан-жақты қатынастарды одан әрі арттыру үшін зор әлеует бар екенін айтты.
Түркістан облысының табиғи климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Жібек жолының бойында орналасқан аймақ. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары және қажетті жұмыс күшін ұсына алады. Қазіргі уақытта облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Түркістан облысының негізгі инвестициялық алаңдары – 15 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Инвесторларға дайын өндіріс алаңдары ұсынылады. «TURAN» АЭА қатысушылары жер және мүлік салығынан, импортқа кедендік баждардан, корпоративтік табыс салығынан, жерді жалға алу төлемінен, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Сонымен қатар жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда. Өңірде туризм, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым мен жолдар, өнеркәсіп және әлеуметтік салалар қарқынды дамып келеді. Экономиканың басты көрсеткіші — жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды. Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды. Экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн.теңгеден асты. Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша республикада көшбастап тұр. Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Айта кетейік, Португалия өзінің бай тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен ерекшеленетін ел.  Португалия Республикасы — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10 276 617 адам. Халқының 99%-ы португалдар,қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды. Бұл ел өзінің тамаша табиғи сұлулығымен, дәмді тағамдарымен және түрлі мәдени ерекшеліктерімен әлемге әйгілі.

 

 

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

Дәрігер – адам жанының арашасы!

Келесі жаңалық

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі