Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Дәрігер – адам жанының арашасы!

22 июня, 2025
in Денсаулық
0
Дәрігер – адам жанының арашасы!
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық – кез-келген адам үшін баға жетпес байлық!  Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Осыған орай әр жылы маусым айының үшінші жексенбісі дәрігерлер күні болып бекітілді. Бұл – жалпыға ортақ мереке. Себебі, әр адам дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның денінің саулығы мен амандығына ақ халатты абзал жандарымыз жауапты. Сондықтан да, Мемлекеттің дамуы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты.  Түркістан облысы тарапынан медицинаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Мәселен Сауран ауданындағы аудандық емхананың медициналық құрылғылары мен жабдықтары жаңарып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен емханаға флюрографиялық аппарат алынды.  Салада аудан медицинасы бірқатар оң өзгерістер мен үздік нәтижелерге қол жеткізе алды. Медициналық қызметтердің сапасын, дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру және ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту бағытында сенімді қадамдар жасалды. Сонымен қатар «Шорнақ» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылып, бүгінде оның көмегімен жоғары сапалы зерттеулер жүргізілуде. Одан бөлек, жедел медициналық жәрдем бөлімі 3 жаңа санитарлық автокөлікпен толықтырылды. Емхана денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтіп, 1-ші санатқа ие болды.

Айта кетейік, Сауран аудандық емханасы 73 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Емханаға 31 құрылымдық бөлімше бекітілген. Оның ішінде 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік бекет және 3 медициналық бекет бар. Бұл бөлімшелер халыққа медициналық көмек көрсету бағытында қажетті қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар, Сауран аудандық емханаға қарасты Ескі Икан, Оранғай, Қарашық, Шаға бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтарының зертхана бөлмелері жалпы клиникалық, гематологиялық, клиникалық химиялық зерттеулер түрімен толықтырылған. Сонымен қатар, емханаға қарасты Ескі Икан, Шаға бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтары, Жана Икан, А.Усенов, Нұртас  дәрігерлік амбулаториясы, С.Қожанов фельдшерлік-акушерлік бекеті ғимараттарын сұйық отынмен (газбен) жылыту жұмыстары жүргізілген.

Сондай ақ,  бүгінгі таңда Сауран аудандық емханасында кадрлық әлеуеті  арнайы мамандармен толыққан. Атап айтқанда пульмонолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар невропатологы, балалар кардиологі, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог, рентгенолог, педиатр, психиатр, ревматолог, стоматолог, пренатолог,  зертханашы   мамандарымен  және УДЗ   дәрігерлерімен толықтырылып жұмыс жасауда.  Дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігін арттыру мақсатында тұрақты оқыту жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.

Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Дәрігер – адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сол себепті де, құрметті дәрігерлер, сіздерге сарқылмас қайрат пен еңбектің адал жемісін тілеймін! Адам жанын арашалауда, кәсібі біліктілік пен асқан жауапкершілігіңізді көрсете отырып халықтың алғысна бөлене бергейсіздер. “Денсаулық — адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі — адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз. Тағы да меркемен шын жүректен құттықтаймын!

Сауран аудандық емхана басшысы, Б.Стамкулов!

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі