Жаздың жайма шуақ күндерінде аталып өтетін мерекелер аз емес. Соның бірі – медицина қызметкер¬лерінің күні. Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде медицина қызметкер¬лерінің кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Бұл –өмірлерінде бірде-бір рет қателесуге қақысы жоқ мамандық иелерінің төл мейрамы. Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Атаулы мерекеге орай Сауран ауданында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері, дәрігерлер мен мейірбикелер қатысты. Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға зор үлес қосып жүрген мамандарға ерекше алғыс білдірді. Үздік медицина қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
- Құрметті ақ халатты абзал жандар! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі — медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн. Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал оның иесі болу – үлкен мәртебе. «Тәні саудың – жаны сау» деген халқымызда дана сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз болып табылады. Сіздерге ажырлы қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілейміз! Ауданның қажырлы еңбегінде саламатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын,- деді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев !
Салтанатты жиында Сауран аудандық мәслихатының депутаты С.Оразбеков сала мамандарын құттықтай отырып, сала үздіктеріне Сауран ауданы мәслихат төрағасының алғыс хатын табыстады.
- Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз,- деді халық қалаулысы. Сонымен қатар Аманат партиясы Сауран аудандық филиалының басшысы С.Асылбеков, Сауран аудандық емханасының басшысы Б.Стамкулов және емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Қодаманова медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Соңғы жылдары Сауран ауданында медицина саласы қарқынды дамып келеді. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы № 962 қаулысына негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін (МБ, ФАБ, ДА) пайдалануға беру жоспарына сәйкес, Сауран ауданы Жалаңтөс ауылында «Жалантөс» медициналық бекеті, Шаға ауылында «Шаға» фельдшерлік-акушерлік бекеті, Құсшы ата ауылында «Құсшы ата» фельдшерлік-акушерлік бекеттерінің жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілуде.
Сонымен қатар, емхананың материалдық техникалық жағдайы жаңа флюрографиялық аппаратпен, заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен, 2 Аудиограмма медициналық құрылғысымен, 7 дана стоматологиялық қондырғысымен, 3 жаңа санитарлық автокөліктермен толықтырылды.
Медицина саласындағы білім мен тәжірибені арттыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Емхана басшысы Италияның Милан қаласында, 1 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында халықаралық деңгейде біліктіліктерін арттырды.
Бұл игі істер – ақ халатты мамандардың заманауи әрі қолайлы жағдайда еңбек етуіне, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуіне жол ашатын нақты қадам. Ұлт денсаулығын нығайту – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ауылдық елді мекендердің тұрғындарына ірі қалаларға бармай-ақ мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін ұлттық жобалар қолға алынды. Сонымен қатар онкологиялық қызметті кешенді модернизациялау жоспарланған. Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Салтанатты жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Аудан өнерпаздары мен аурухана ұжымының жастары мереке иелеріне өз өнерлерін көрсетіп, ән шашуларын тарту етті. Ақ халатты абзал жандар, дәрігер, Құтты болсын медицина күніңіз! Елің үшін қызмет жасап әрдайым, Ортамызда аман-есен жүріңіз!