Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай Түркістан облысы Сауран аудандық емханасында медицина қызметкерлерінің күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Кәсіби шара барысында медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі басшы орынбасары Н.Қарабаев мерекелік іс-шарада емханада денсаулық сақтау жүйесін дамытуға өз үлесін қосып жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Мереке күні еңбек адамдарына және ардагерлерге құрмет көрсетіп, үздік мамандарға емхана басшысының марапатын табыстады.
- Құрметті Сауран ауданының денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі — медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн. Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал оның иесі болу – үлкен мәртебе. «Тәні саудың – жаны сау» деген халқымызда дана сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз болып табылады. Сіздерге ажырлы қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілейміз! Саламатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын,-деді Н.Қарабаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», — деген еді. Ал еңбек адамы деген кім? Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам — еңбек адамы! Ол — дихан бола ма, ол — малшы бола ма, ол — жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!
Нақтырақ айтсақ, Сауран ауданынан «Үздік маман-2025» номинациясымен емхананың мамандар бөлімінің басшысы Серимова Қымбат Нұржанқызы марапатталды. «Көрінбейтін қахарман-2025» номинациясымен есеп бөлімінің маманы Керімқұл Бағдәулет Зәкірұлы марапатталды. «Жас маман-2025» номинациясымен емхананың бейінді мамандар меңгерушісі Рүстем Мақсат Жұмантайұлы марапатталды. Сонымен қатар, жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушілері Майханов Бакытжан, Тургунов Серикбай Жолдасбекович, Шокоманов Есжан Оспановичке «Жұмысшы ардагер-2025» марапаты ұсынылды.
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Бұл ретте елімізде бірқатар шаруа атқарылды. Мәселен, техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп жатыр. Айта кетейік, жыл сайын маусымның әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Оның мерекесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылы белгіленді.
Бұл күн барлық денсаулық сақтау қызметкерлеріне алғыс пен ризашылықтың символына айналды, өйткені медицина қызметкерлерін кәсіби күнімен құттықтай отырып, сіз олардың қиын және қажырлы еңбектері үшін құрмет пен ризашылығыңызды көрсетесіз.