Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ!

20 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ!
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті мәселелердің көшін инфрақұрылым мен әлеуметтік ахуал бас­тайды. Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қаңтар-мамыр айлары аралығында жалпы өңірлік өнім көлемі 29,9 млрд теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15 млрд теңгеге жетіп, өсім 81,6 пайызды құрады.

«Қазіргі таңда ауданда 4 орта, 22 шағын, 6 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқарады. 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 42,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар 395 азаматты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Атап айқанда, «Beibars Bottlers» ЖШС-ң ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндірістік зауыты. Сондай-ақ, Састөбе кентінде орналасқан «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС-і цемент, кальций карбид, каустикалық сода, ПВХ және әк өндіруді жоспарлауда. Қуаттылығы жылына 1 млн тонна цемент, 200 мың тонна кальций карбиді, 120 мың тонна пвх, 100 мың тонна каустикалық сода және 400 мың тонна әк өндірмек. Жобаның жалпы құны 180 млрд теңгені құрайды. Одан бөлек, 940 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, «Түлкібас әк зауыты» мекемесі жылына 22 мың тонна әк өндіретін кәсіпорынды қайта құрылымдау жұмыстарына 1,2 млрд теңге қаржыны қажет етеді. Бүгінгі таңда қаржы көзі анықталуда. Зауыт толық құрылымдаудан өткен соң, жылына 150 мың тонна әк өндіріліп, 50 адам қосымша жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Биылғы жылы ауданда шағын және орта бизнес нысандарының саны 10167-ге жетіп, оларда 14 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған»-деп баяндады Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев.

 

2025 жылдың 4 айында ауданға 5 670 турист келген. Аталған саланы дамыту мақсатында Иірсу елді мекенінің маңынан 100 га жерге спорт, мәдени, емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жоба әзірленіп, облыс әкімшілігіне жолданды. Сондай-ақ, 2025 жылы аймақта туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 3 жоба іске аспақ. Атап айтқанда, Қараағашты ауылында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенің» қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, шипажай сыйымдылығын 500 орынға арттыру. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Одан бөлек, Кершетас ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «Патсаев К» туристік аймағы. Жобаның құны 150 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда іске қосылды. Машат ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «А.Бакеев» демалыс аймағы. Жобаның құны — 200 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделуде. Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда 175 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Сонымен қатар, өңірде осы жылдың алғашқы жартысында ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 3,9 млрд теңгені құрайтын жобалар жүзеге асуда. Олардың қатарында 3 жеміс-жидек сақтау қоймасы, 2 алма бау және 1 балық өсіретін шаруашылық бар. Ауданда құрылыс саласында қазіргі таңда 104 пәтерлі 5 қабатты тұрғын-үй салынып пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, биыл 2 фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы аяқталып ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дейін 5 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады. Айта кетерлік жайт, аймақтағы 59 елді мекен толықтай газ жүйесі және ауыз сумен қамтылған. Осы жылы 5 елді мекендегі жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын 18 көшенің жөндеу жұмыстары жүреді. Жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 13 ішкі көшелерге және 3 аудандық жолдарды орташа жөндеу үшін сметалық құжаттар әзірленіп, салалық басқармаға ұсынылды»-деп мәлімдеді өңір басшысы.

 

Айта кетейік, өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 24 957 млн. теңгені құрайтын және 528 жұмыс орны ашылған 13 инвестициялық жоба іске асырылды. Атап айтсақ, «Ideal Turkistan» ЖШС-нің жиһаз фабрикасы (25 жұмыс орны), «AsiaBrand» ЖК-нің жиһаз фабрикасы (25 жұмыс орны), «Қарқын-2030» ЖШС-нің «Ет өнімдерін қайта өңдеу» жобасы (30 жұмыс орны), «СП ТУРАН-МЕБЕЛЬ» ЖШС-нің жиһаз фабрикасы (40 жұмыс орны), «Қазақстан Нұр 001» ЖШС-нің шұлық өндірісі (30 жұмыс орны), «GRAND STROY KAZ» ЖШС-нің «Темірбетон бұйымдарын өндіру» жобасы (30 жұмыс орны), «Akniet Holding» жиһаз фабрикасы (80 жұмыс орны), «BNK Group Ltd» ЖШС-нің «Жаңбырлатып суғару құрылғыларын өндіру» жобасы (20 жұмыс орны), «Бөрте Милка» «Сүт өңдеу зауытын кеңейту» жобасы (18 жұмыс орны) ашылды. Сонымен бірге «JNRAY Group» ЖШС-нің тігін фабрикасы (50 жұмыс орны), «KazPlast» ЖШС-нің тігін фабрикасы (150 жұмыс орны), «BASPOLYMER» ЖШС-нің «Полимерлі құбырларды, пластмассадан жасалған бұйымдарды, тамшы таспаларды шығару бойынша ірі-тораптық зауыт салу» жобасы 15 жұмыс орны, «CaPable Group» МҚБ» «Қолданыстағы қуатты кеңейту. Итальяндық технология бойынша жөргектердің жаңа түрін өндіру жобасы іске қосылған.

Аймақта облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында қарқынды жұмыс жалғасуда.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанның жемісті жеті жылы

Келесі жаңалық

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі