Суббота, 12 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚАРҚЫН АЛУДА

24 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚАРҚЫН АЛУДА
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы  қарқынды жүруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру  бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, өңірде туризм, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым мен жолдар, өнеркәсіп және әлеуметтік салалар қарқынды дамып келеді. Биыл облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде, 83554 орын, яғни 63 пайызы тұрақты жұмыстардың үлесінде. Өңірде 6 айда 66069 азаматты жұмыспен қамту көзделіп, осы күнге дейін 56 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 22 380 азамат – тұрақты, 33 619 азамат субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына орналасты. Жалпы, жұмыспен қамтылғандардың ішінде 20 526 адам немесе 36,7 пайызы – жұмысшы мамандық иелері. Осыған дейін, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға жұмысты жүйелі жалғастыруды, бекітілген индикаторларды тиісті деңгейде орындауды тапсырған.

Аймақ басшысы, біздің басты мақсатымыз – өңірдің экономикасын, әлеуетін көтерумен қатар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру басты назарда. Облыстағы орта арнаулы білім беру ұйымдарында еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандықтар үлесін арттыру қажет. Ең бірінші кезекте біз қажетті жұмысшы мамандықтарын дайындауымыз қажет екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, қосымша инвестицияларды тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етуді алға тартты. Нұралхан Көшеров еңбек адамының имиджін көтеру үшін маңызды іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруды да ұмыт қалдырмады.

Халықты жұмыспен қамту шаралары және жаңа жұмыс орындарын құру туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, ел Президентімен бекітілген ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында 375 инфрақұрылымдық жоба арқылы 4 074 жұмыс орнын ашу көзделіп, 6 айда 1708 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда 184 жоба аясында 1 653 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 97% орындалды.  Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке инвестициялық жобалардың тізбесі әзірленді. Биыл 125 жеке инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 2004 жұмыс орнын ашу көзделуде. Оның ішінде, 1050 орын – тұрақты, ал 954-і – уақытша. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлік саласында 48 жоба арқылы – 651, агроөнеркәсіп саласында 67 жоба арқылы – 1 195, туризм саласында 10 жоба арқылы 158 жұмыс орны ашылмақ. 6 айдың жоспарымен 401 орын ашу көзделсе, қазіргі уақытта 76 жоба жүзеге асып, 900-ге жуық жұмыс орны құрылды. Қалған 49 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

«10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға 22 595 жаңа жұмыс орнын құру межеленіп, жыл басынан бері 3374 орын ашылды. Сондай-ақ уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 32 465 адамды жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңға 21 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасып, тиісті кезеңнің жоспары 88,4% орындалды. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 1 793 мемлекеттік қайтарымсыз грант беру көзделген. Бірінші лек бойынша 862 азамат комиссияның оң қорытындысын алды. Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары жүргізіліп, грант алушылардың қаржыны мақсатты пайдалануы қатаң бақылауда болады. Одан бөлек, жеке инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру индикаторы бойынша биыл 2004 адамды қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 898 адам жұмысқа орналасты.

Жыл басынан бері 45 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аясында 937 жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынып, 1 829 адам жұмысқа орналасты.  Аймақта экономиканың басты көрсеткіші — жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды. Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды. Экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн.теңгеден асты.

Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында атқарылған жұмыстар бойынша облыста жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және еңбек нарығына қажетті білікті кадрлар даярлау бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыстағы 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (колледждерде) 75 мамандықпен, оның ішінде 43-і жұмысшы мамандықпен 45 530 студент еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім алуда. Оларда дуальді оқыту, модульдік білім беру бағдарламалары енгізілген.

Алдыңғы жаңалық

АЛМАС САЛИМОВ “МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕНІ ЗЕРДЕЛЕЙМІЗ”

Келесі жаңалық

ӨҢІРДЕ 5 ЖОБА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі