Түркістан облысында жалпы инвестиция көлемі жыл сайын артып, экономикалық даму жағынан өсім байқалады. Өңірдің барлық аудандарында жаңадан жоба құрылыстары бастау алып, халықты жұмыспен қамту жұмыстары да белсенді атқарылуда. Мәселен Саырағаш ауданында 2025 жылы өнеркәсіп саласында ірі 5 жобаның құрылысы басталған. Жалпы құны 5,0 млрд.теңгені құрайды Өндіріс іске қосылса 145 адамды жұмыс орнымен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 2025 жылы аудан бюджеті 24 287,6 млн. теңгеге жеткен. Ал, жергілікті бюджетке 2025 жылдың 1 маусымына 5051,8 млн.теңге түсіп, жоспардың орындалуы 123,4% болып отыр. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкім Арман Абдуллаев баспасөз брифингісінде баяндады.
Ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 13077,1 млн. теңгені құрап отыр, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,6%-ды құраған. Инвестиция көлемі 13 020,8 млн.теңгені құрап, немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,3%-ға орындалды. Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 4584,6 млн.теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2229,0%-ға орындалған. Аудан халқы үшін 25277 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңінен 108,6%-ға орындалды.
- 2025 жылы 1 маусымға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 23992 бірлік, 2024 жылдың тиісті кезеңіне 103,3% құрады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 2025 жылдың 5 айында 48500 адамды құрап, 2024 жылдың деңгейінен 102,7%-ға артты. Жұмыспен қамту Жұмыссыздық деңгейі 2025 жылдың 1 маусымға 4,9% құрап отыр. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Сарыағаш ауданында 2025 жылдың 5 айында 35214,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылы осы уақытпен салыстырғанда 105,9%-ды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 11648,8 млн. теңге болып, 115,6%-ға орындалды, ал егін шаруашылығы 23565,8 млн.теңге болып, 100,0%-ға орындалды. Биылғы жылы аудан бойынша 75,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 2025 жылы 4 жоба, жалпы құны 3,2 млрд.теңге, 90 адамды жұмыс орнымен қамтитын жобалар іске асыру жоспарлануда,-деді Арман Абдуллаев.
Аудан халқының тұрмыс-тіршілігі де жақсарған. Ауыз сумен қамту 2024 жылы 6 елді мекенде (Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Жаңақұрылыс, Сарқырама, Достық). ауыз су құрылысы басталып, биылғы жылдың соңына дейін аяқтап, халыққа сапалы ауыз су берілетін болады. Бұған қосымша 2025 жылы 4 елді мекенді (Шеңгелді, Тасқұдық, Ақ үй, Сарысу) ауыз сумен қамту құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралды.
Сондай-ақ, табиғи газбен қамту жұмыстары бүгінгі таңда 7 елді мекенді (Жылға, Көктерек, Шайхана, Қарақалпақ, Құрысай , Тасқұдық, Сарысу) табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 5 елді мекенді (Көктал, Тасқұдық, Әлімтау, Жайдаққұдық, Қызыласу) табиғи газбен қамту үшін Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Халықты сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы Сарыағаш қаласы, Аубакиров көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Құркелес а/о Құркелес е/м көшелері және Жылға а/о Шеңгелді елді мекендерін сапалы электр желісімен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2025 жылы 6 елді мекенге (Төңкеріс, Бостандық, Ынтымақ, Құрама, Көктерек кенті, Ақниет) құрылыс жұмыстарына 401,0 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Жол саласы бойынша ауданда 2025 жылы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, жобаның сметалық құны – 1,1 млрд.теңге. Аудандық бюджет есебінен 2025 жылы 982,1 млн. теңгеге 49 көшеге орташа жөндеу, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау, шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және жолақ сызу жұмыстары Сарыағаш қаласы, Ақжар, Жартытөбе, Көктерек, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті, Жылға, Жібек жолы елді мекендерінде жүргізіледі. 2024 жыл қорытындысымен 69% болса, 2025 жылға жоспар 73% жеткізу жоспарлануда. Білім беру
Саласы бойынша 2025 жылы 2 жайлы, 4 жекеменшік мектеп ашылады. 2025 жылы 2-мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай өзгеріс бар. 2025 жылы 6 елді мекенде (Төңкеріс, Нұрлы жол, Береке е/м Дәрігерлік амбулатория құрылысы, Атамекен, Жаңаталап е/м Фельдшерлік акушерлік пункт құрылысы, Шайхана е/м медициналық пункт емдеу нысандарының құрылысы аяқталады. Салауатты өмірді серік ететін спорт саласы 2025 жылы Сарыағаш ауданы бойынша жалпы 28 ашық спорт алаңшасы стрит Воркуат алаңымен салынады. (Көктерек ауылдық округінде -1, Жарты төбе ауылдық округінде -2, Қапланбек ауылдық округінде -2, Құркелес ауылдық округінде -4, Жібек жолы ауылдық округінде -2, Жемісті ауылдық округінде -1, Тегісшіл ауылдық округінде -2, Сарыағаш қаласында-14). Сондай-ақ Сарыағаш қаласындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары 858 млн.теңгеге жүргізілуде.