Суббота, 12 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРУДЕ

26 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРУДЕ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамтылған индустриалды алаңдар кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтуға да зор мүмкіндік туғызып отыр. Кәсіпкерлік дамып, есесіне жұмыссыздық азаюда. Түркістан облысында 2024–2026 жылдар аралығында өңірге қарасты Сауран ауданында 5 бірдей өндірістік аймақ құрылуда. Атап айтқанда, Қарашық, Иассы, Жүйнек, Шорнақ және Үшқайық ауылдық округтерінде 55 гектарға жуық жер бөлініп, 115 жобаны орналастыру көзделген. Қазірдің өзінде 60 кәсіпкермен меморандум түзілсе, олардың 30-ы құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Сауран ауданына жасаған жұмыс сапары аясында жаңа өндірістік аймақтардың құрылысымен танысты.

Облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің айтуынша, бұл бастама тек кәсіпкерлікті дамытумен шектелмейді, сонымен бірге өңір халқы үшін тұрақты табыс көзіне айналады. Жергілікті халыққа дайын жұмыс орны, қарқынды кәсіп иесі болуға да мүмкіндік туындап отырғанын атап өтті. Жалпы өндірістік-аумақтық кешен – экономиканың өзара байланысты салаларының белгілі бір шаруашылық аймағында жоспарлы түрде дамуы. Қалыптасуының басты мақсаты – өндірістің экономиялық тиімділігін арттыру.

– Өндірістік аймақтар – инвестиция тарту, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және еңбек нарығын қолдаудың тиімді құралы. Біз кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылым жасап беріп, олардың өнімдерін бір орталықта шоғырландыру арқылы нарыққа шығуын жеңілдетеміз. Қолайлы жағдай жасаймыз. Еңбек нарығына шығуға ықпал ету басты назарда.  Бұл – Түркістан облысы экономикасының болашағына салынған үлкен инвестиция, мүмкіндік және күш– деді Нұралхан Көшеров.

Сауран ауданындағы Еңбекші Дихан ауылында «Иассы» индустриалды аймағына бар. Мұнда алдағы уақытта 9 гектар аумаққа 24 жоба орналаспақ. Қазіргі таңда 16 кәсіпкер өз жобасын бастап кеткен. Аталған аймақта жиһаз, тігін, жол белгілері, бояу, қағаз, пластик, жартылай дайын тағам өнімдері және құрылыс материалдарын өндіретін цехтар іске қосылады. Жалпы инвестиция көлемі – 6,3 млрд теңгені құрайды.  Ал жоспарлы түрде ашылатын жұмыс орындары – 600-ден асады. Бұдан өзге 10 гектар жерге орналасқан Қарашық өндірістік аймағында 20 жоба жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде 12 кәсіпкер құрылысты бастап, кірісті. Бұл аймақта есік-терезе, желдеткіш құбырлар, резеңке жабын, пластикалық ыдыс, тігін және жиһаз цехтары ашылады. Жобалардың жалпы құны – 4,5 млрд теңгені құрап, жұмыс орындары – 170 орын. Сонымен қатар, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «MinPromKaz» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге маманданған. 5 гектар аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпорын іске қосылған соң жылына 300 тонна өнім өндіріп, 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Ал «ASIA BREND» және «DIVALUX» атты жиһаз кәсіпорындары өз өнімдерін тек ішкі нарыққа ғана емес, еліміздің әр аймағына жөнелтуде. Қазіргі таңда бұл кәсіпорындарда 150-ге жуық адам жұмыс істейді. Материалдар Түркиядан жеткізіледі, ал жұмысшылар жергілікті жерде оқытылып, біліктілігін арттыруда. Шорнақ ауылында 8 гектарға индустриалды аймақ құрылып, жиһаз цехтары салынады. Үшқайықта 18 гектарға 37 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар 2025–2030 жылдар аралығына жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша да инвестициялық жобалар қатар жүріп жатыр. Сауран ауданындағы өндірістік аймақтар – аймақтағы кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеріп, Түркістан облысының экономикалық картасында жаңа белеске жол ашуда. Жобалардың іске асуы тек қана инвестиция тартуға емес, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыспен қамтылуына және өңірлік өзін-өзі қамту әлеуетінің артуына ықпал етуде. Облыстың тұрақты даму үшін әлеуеті зор. Ағымдағы мәселелерді шешу және жаңғырту стратегиясын нақты жүзеге асыру арқылы өңір елдің жетекші экономикалық орталықтарының біріне айналуға мүмкіндік алады. Жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, өңірдің мәдени, экономикалық және туристік орталық ретіндегі орнын нығайтады.

Айта кетейік, Түркістан арнайы экономикалық аймағын кеңейту және индустриялық аймақтарды дамыту қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және бизнеске қолайлы жағдай жасау өңірдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтады. Облыс орталығында халықты жұмыспен қамту шаралары да қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспар 116,2 пайызға орындалған. Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 961 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 944 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар да жалғасын таба бермек.

 

Алдыңғы жаңалық

ӨҢІРДЕ 5 ЖОБА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі