Суббота, 12 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

26 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өндірісті дамыту, әлеуметтік- экономикалық даму, инвестиция тарту және инфрақұрылым жүргізу, туризм, кәсіпкерлік  бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысының индустриалды аймақтарында жалпы құны 130,3 млрд теңге болатын 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл үлкен көрсеткіш. Бұл жобалар нәтижесінде тұрғындарға 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Индустриялық аймақ — бұл толық дайындалған, нақты жазылған заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар жер учаскелері. Олардың артықшылығы — ұсынылған алаңдарда кез-келген өндірісті орналастыруға болады: фармацевтикалық кәсіпорындардан бастап автомобиль зауыттарына дейін, ал инвестор ешқандай жасырын немесе қосымша шығындарды көтермейді. Индустриялық аймақты құру мақсаты: жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары мен конструкцияларын, ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру сияқты өнеркәсіптің басым салаларын дамыту болып табылады.

Аталған 100-ге жуық инвестициялық жобалар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен іске асырылып жатыр. Бүгінде жобалардың жартысынан көбі іске қосылып, облыс экономикасына 40 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Нәтижесінде 3 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, 2 млрд теңгеден астам салық түсімі облыс бюджетіне түсті. Облыс әкімінің бастамасымен «Даму» өңірлік бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, Сауран, Жетісай, Отырар, Сайрам аудандарында және Шардара мен Арыс қалаларында жаңа индустриалды аймақтар құрылды. Бұдан бөлек, тағы 4 индустриалды аймақты құру немесе кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа өндірістік алаңдар арқылы әрбір аудан мен қалада кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – негізгі мақсат. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы жаңа индустриалды аймақтардың құрылысымен танысты. Атап айтқанда, Иассы, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтерінде өндіріс алаңдары салынуда. 2024–2026 жылдар аралығында Сауран ауданында 5 бірдей өндірістік аймақ құрылуда. Атап айтқанда, Қарашық, Иассы, Жүйнек, Шорнақ және Үшқайық ауылдық округтерінде 55 гектарға жуық жер бөлініп, 115 жобаны орналастыру көзделген. Қазірдің өзінде 60 кәсіпкермен меморандум түзілсе, олардың 30-ы құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Тек Иассы ауылдық округінде орналасқан өндірістік алаңның өзінде 24 жоба іске қосылуға дайын. Аумағы 9 гектар болатын бұл алаңда жиһаз өндірісі, спорттық құрал-жабдықтар, жол белгілері, тігін шеберханалары, қағаз өнімдері цехы сынды кәсіпорындар жұмысын бастайды. Жалпы инвестиция көлемі – 6,3 млрд теңге, жаңадан 600-ден астам жұмыс орны ашылады.

– Индустриалды аймақтар – өңірдің экономикалық қуатын арттыратын маңызды құрал. Барлық индустриялды аймақтар үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл – уақыт талабы. Сонымен бірге, аймақтарды кеңейту, әрі қарай дамытуда нақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Индустриялық аймақтағы мекемелерді жан-жақты сүйемелдеп отыру керек. Өндіріс үшін қолайлы шарттар жасау жеткіліксіз. Өнімнің ішкі нарыққа таралуы мен экспортына ықпал етуді қарастыру, ортақ бір платформада түйісуіне жағдай жасауымыз қажет. Біз әр ауданда өндірісті дамытып, инвесторларға толық жағдай жасауды қамтамасыз етуіміз керек. Жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары мен халықтың әл-ауқатын көтерудің кепілі, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Айта кетейік, арнайы экономикалық аймақ — халық шаруашылығының өз даму ерекшеліктері бар территориялық және экономикалық жағынан біртұтас бөлігі. Ондағы өндіріс орындары өзінің экономикалық құрылымына, оның ішінде еңбек, экономикалық-географиялық жағдайына қарай мамандандырылады. Бұл аймақ шегіндегі өндірістік байланыс тұрақты болады және қарқынды жүргізіледі. Соңғы жылдары Түркістан облысында жаңа өндіріс орындары ашыла бастауына арнайы индустриялық аймақ көптеп құрылмақтығы одан сайын халыққа үлкен мүмкіндік жасағалы отыр. Нәтижесінде аймаққа қарасты аудан, қалаларда жергілікті кәсіпкерлер мен орта және шағын бизнес өкілдері өз жобаларын іске асыра алатын болды.

Алдыңғы жаңалық

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРУДЕ

Келесі жаңалық

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі