Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан – ең қолайлы инвестициялық аймақ!

29 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан – ең қолайлы инвестициялық аймақ!
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында өнеркәсіптің дамуына оң әсер беретін қытайлық инвестицияның көлемі артып келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
Вице-премьердің мәлімдеуінше, Түркістан облысында қытайлық инвестордың қатысуымен мақтаны өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклды қамтитын тоқыма комбинатының құрылысы жүріп жатыр.
– Мен бұл компанияға алғаш барғанымда жоба енді басталған болатын, ал, қазіргі нәтижесі шынымен де керемет, – деп атап өтті Серік Жұманғарин Астанада өтіп жатқан «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысында.
Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі елімізге шетелдік инвестицияның келуі өңірлік экономиканың дамуына тікелей ықпал ететінін айтты.
– Саудасыз инвестиция болмайды. Сауда нарықты зерттеуге мүмкіндік береді, содан кейін ірі жобаларды іске асыру кезеңіне өтуге жол ашады, – деп толықтырды өз сөзін Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы аясында жалпы құны 17 миллиард АҚШ долларынан асатын 35-тен астам меморандумға қол қойылды.
Орталық Азия елдері мен Қытай 17 млрд. доллардың келісіміне қол қойды.
Қытайлық инвесторлармен 7 меморандумға қол қойылды
Астана қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы аясында Түркістан облысы мен қытайлық компаниялар арасында жалпы 5 ірі жобаны жүзеге асыру бойынша меморандум түзілді. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімі жасалды.
Екі күнге созылған маңызды басқосуға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен ірі инвесторлары қатысты.
Халықаралық форумның екінші күні «Қытай – Орталық Азия» Іскерлік кеңесінің Қытай тарапы басқармасының құрылтай жиналысы және «Шэньси провинциясымен танысу» тақырыбындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференциясы өтті.
Құрылтайда Қытай халықаралық сауда палатасының екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры, «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің Қытай тарапы басқармасының бас хатшысы Сюй Цзиньли модераторлық етті.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық тартымдылығына тоқталып, туристік әлеуеті туралы баяндады. Түркістан облысы тәжірибе алмасуға дайын екенін айтып, шетелдік инвесторларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
– Құрметті форумға қатысушылар! Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат аясында елде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, экономиканы дамытуға, шетелдік және отандық инвесторлардың сенімін нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі шара – еліміз бен Қытай Халық Республикасы және Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылауға арналған тамаша алаң. Біздің өңір мен Орталық Азия елдері және Қытайдың өңірлері арасындағы ынтымақтастық географиялық тұрғыдан тиімді орналасуымен, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, логистика және энергетика салаларындағы әлеуетімен түрлі бағытта қарқынды дамып келеді. 2018 жылы құрылған Түркістан облысы – түркі әлемінің мәдени астанасы және түркі халықтарының мұрасын сақтау жөніндегі маңызды орталық. Халқы 2,2 миллион адамды құрайтын облыстағы тұрғындардың 70%-дан астамы – жастар. Бұл өңірдің даму әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Түркістан облысы экономиканың түрлі салаларын дамытуға қолайлы климаттық жағдайларға ие. Өңірдің қолайлы ауа райы ауыл шаруашылығы мен күн энергетикасын дамытуға тамаша мүмкіндік береді. Түркістан облысының көлік-логистикалық әлеуеті – оның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялануының негізгі факторларының бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы мен инфрақұрылымдық жобаларға байланысты өңір біртіндеп Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі логистикалық хабқа айналып келеді. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. 185 миллион халқы бар бұл бірлестік тауар, қызмет және капитал айналымының еркіндігін, сондай-ақ кедендік төлемдерден босатуды қамтамасыз етеді. Осыған орай, сіздерді көлік және логистика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға шақырамын. Сіздерді Түркістан облысына келіп, өңіріміздің инвестициялық әлеуетімен танысуға шақырамын. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан бизнесін дамытуға ұмтылған барлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенімізді сенімді түрде айтқым келеді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенемін, – деді Нұралхан Көшеров. 
Қазіргі таңда Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдарына «TURAN» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, 19 индустриалды аймақ пен шағын өнеркәсіптік парктер жатады.
Халықаралық форумның алғашқы күні 3 жобаны іске асыру бойынша меморандум түзілсе, екінші күні Түркістан облысы әкімдігі 108 млн. АҚШ долларын құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нақтырақ айтқанда, Түркістан облысының аумағында «Биотехнологиялық мал қалдықтарын қайта өңдеу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба құны – 18 млн. АҚШ доллары. Нәтижесінде 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыруға қытайлық «Tangshan Huating Ceramics Co., Ltd.» компаниясымен келісім жасалды. Сонымен қатар Түркістан облысының аумағында «Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Циндао индустриалды паркі» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаға 90 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылады. Жоба аясында 500 адам жұмыспен қамтылмақ. Жобаны іске асыруға қытайлық «China Qingdao Wanlin Group» компаниясы қызығушылық танытты. Одан бөлек, Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық туралы келісімге қол қойылды. Осы күні «Шэньси провинциясымен танысу» тақырыбындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық конференциясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков жасалған келісімдер бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізіп, инвестициялық әріптестік пен өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға жаңа серпін беретінін айтты. Инвесторларға құнды ақпараттар беріп, тәжірибе алмасуға шақырды.  Форум В2В форматындағы кездесулерге жалғасты. Онда келіссөздер жүргізіліп, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Алдыңғы жаңалық

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі