Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

29 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан – ең қолайлы инвестициялық аймақ!
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында қытайлық инвестицияның көлемі артып келеді, бұл өңірдегі өнеркәсіптің дамуына оң әсерін тигізуде.  Түркістан облысы мен ҚХР-ң Туризм қауымдастығы туризмді дамыту бағытында өзара тиімді серіктестік орнатуға ниетті. Басты мақсат – халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде жаңа жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай делегациясы арасында өткен ресми кездесуде айтылды. Облыс басшысы Beijing Zhongxing Huizhi International Culture & Tourism Development Co., Ltd., Басқарушы директоры Сюнь Шаньхуамен кездесіп, екіжақты әріптестіктің келешегіне кеңінен тоқталды. Басқосу барысында тараптар өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесуде өңірдің инвестициялық артықшылықтарын ерекше атап өтті. Түркістанда дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтар мен «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.

  • Бүгінгі кездесуіміз нақты жоспарлар бойынша пікір алмасу үшін тиімді алаң деп білемін. Түркістан облысының туризм, ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру бағыттары елімізде жетекші орын алады. Ауар-райы қолайлы, еңбекқор халқымызбен мақтанамыз. Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнімнің сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Осы мақсатта заманауи агротехнологияларды енгізу, тамшылатып суару жүйелерін кеңінен қолдану, жылыжайларды автоматтандыру, сондай-ақ логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сіздерді Түркістан облысына келіп, өңіріміздің инвестициялық әлеуетімен танысуға шақырамын. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан бизнесін дамытуға ұмтылған барлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенімізді сенімді түрде айтқым келеді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенемін. Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. Өз тарапымыздан толық қолдау көрсетуге дайынбыз және өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, — деді Нұралхан Көшеров.

Қытай делегациясы сапар барысында өңірдегі тарихи кешендері мен заманауи туристік нысандарды аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму деңгейіне оң пікір білдірді. Түркістан өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарына жоғары баға беріп, серіктестікке қызығушылық танытты.

Қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде танылып келеді. Өңірге келген туристер саны жыл санап артып, бір күндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Мұндай көрсеткіштер туризмді облыс экономикасының жаңа драйверіне айналдыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық.

Тараптар кездесудің қорытындысы бойынша ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келіп, алдағы уақытта нақты жобалар бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.

Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіпорындар мен өндіріс орындарын бір жерге шоғырландыру, олардың тиімділігін арттыру және инвесторларға қолайлы жағдай қарастыру мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. Қазіргі уақытта аталған аймақтардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысындағы негізгі инвестициялық аймақтары – индустриалды аймақтар мен оның қатысушыларына түрлі салық жеңілдіктерін беретін «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы. Қазіргі таңда Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдарына «TURAN» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, 19 индустриалды аймақ пен шағын өнеркәсіптік парктер жатады. Облыс ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiнде республикада алдыңғы қатарда. Бүгінгі таңда өңірде жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағытқа ие. Сондай-ақ туризмді дамыту – облыс экономикасының негізгі басымдықтарының бірі. Мәселен, соңғы 3 жылда облыста жыл сайын шет мемлекеттерден келіп жатқан туристер ағыны көптеп байқалады. Осыған орайда, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты екі елдің экономикалық байланыстарын дамытуға серпін беретін инвестицияларды өзара ұлғайту арқылы нығайту ұсынылады. Бұл ретте мемлекет басшыларының өзара мемлекеттік сапарлары және барлық деңгейдегі тұрақты байланыстар, екі елдің берік достығы мен мықты қарым-қатынасының жарқын үлгісі болып табылады.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан – ең қолайлы инвестициялық аймақ!

Келесі жаңалық

Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі