Вторник, 8 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Сауран аудандық емханасында вакцинация мәселесі талқыланды

30 июня, 2025
in Денсаулық
0
Сауран аудандық емханасында вакцинация мәселесі талқыланды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда вакцина алу мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу.  Осыған орай Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Сауран аудандық емханасында «екпеден бас тарту себептері» атты басқосу болып өтті. Жиынға  дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросының кеңесшілері Сахил Варси (Sahil Warsi) және Сиф Нельсон (Siff Nielsen), ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы РМК ШЖҚ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» дәрігер эпидемиологы Ж.Нусипова, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары М.Мамбетова, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының БШАЫЕ/ӘПМП бойынша штаттан тыс бас маманы Н.Нарымбетова қатысты.  Егу, вакцинация дегенiмiз — ол адам организмiне вакцина немесе арнайы тәсiлмен дайындалған антигендiк қасиетi бар заттарды енгiзу арқылы белгiлi бiр жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшiн қолданылатын әдiс. Жұқпалы ауруларға қарсы егудiң бiрнеше түрi бар: мiндеттi егу (иммунизация) ­ балаларға (туберкулезге, қызылшаға, күл (дифтерияға), сiреспеге, көкжөтелге, ге­патитке және т.б. ауруларға қарсы), нәрестелi бола ала­тын әйелдер мен қыздарда қызамыққа қарсы; жоспарлы кәсiби егу ­ мал шаруашылығымен айна­лысатын немесе олардың өнiмiн өңдейтiн адамдарда күйдiргiге қарсы; эпидемиялық көрсеткiш бойынша егу ­ нақты ай­мақтағы тұрғындар арасында iндет қауіпi төнген кезде жүргiзiледi. Басқосу аясында аудандық емхананың әкімшілік бөлімі, дәрігерлері, мейірбикелері және екпеден бас тартушы тұрғындармен кездесу өткізіп, «екпеден бас тарту себептері» бойынша пікір алмасты. Кездесу  барысында қоғамдағы діни сенімдердің халықтың вакцинацияға көзқарасына тигізетін ықпалы, осы салада кездесетін негізгі кедергілер мен сын-қатерлер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, мамандар мен сарапшылар вакцинацияға қатысты шешім қабылдау үдерісінде халықтың сенімін арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейту және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, тиімді тәсілдер әзірлеу қажеттігін атап өтті. Егу көбiне инфекциялық тәсiлмен  атқарылады. Қазiргi кезде алдын ала егу нәтижесiнде көптеген жұқпалы аурулар  жойылды.  Басқосу барысында аталмыш Сауран аудандық емханада тіркеуде тұрған ата-аналарға екпе шараларына қатысты жалпы түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

«Ата-аналарға балаларға салынатын екпелердің қауіпсіздігін айтып түсіндірудеміз. Егуден бас тартқан ата-аналарды жинап, мамандармен кездестіріп, олардың кеңестерін тыңдауына мүмкіндік жасап отырмыз. Өздеріңізге белгілі көптеген жұқпалы аурулар ауа арқылы таралады. Сондықтан да мұндай шараға біз қатты көңіл бөлеміз. Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырар болсақ, ол кезде вирустық гепатиттің көптігінен сырқаттар ауруханаларға сыймағандықтан, үйде жатып емделуге мәжбүр болатын, ал қазір осы уақыт аралығында жыл сайын белгілі бекітілген кестеге сай жүргізілетін екпелердің арқасында қауіпті жұқпалы аурулардың саны азайды»,-деді Ж.Нусипова . 

Мұндай зерделеу жұмыстары екпеден бас тартудың діни көзқарасқа және басқа жағдайларға байланысты нақты себептерін анықтауға үлкен септігін тигізері анық. Бұл шараның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын сақтау жолында иммунопрофилактика саласындағы өзекті мәселелерді ортақ талқылап, шешу жолдарын анықтау, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті деңгейде тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ету.

  • Біз баршамыз заң аясында әрекет етеміз. Елде екпе жүргізу-мемлекеттің саясаты. Балалардың дені сау болып, түрлі сырқатқа шалдықпауына ең алдымен ата-анасы жауапты екенін есте ұстауымыз абзал. Егер бала кез-келген жұқпалы сырқатқа шалдығар болса, алдымен ата-ана моральдық және материалдық шығынға ұшырайды. Екпе алу ең алдымен баланың денсаулығы мықты болуы үшін қажет, ал балалар-біздің мемлекетіміздің болашағы»,-деді спикер М.Мамбетова.

Мәселен балаларға салынатын екпелер, егуді қандай да бір жасқа толуына байланысты жүргізу керектігіне қарамастан,  емшектегі балаларды егу мерзімін сәбидің төтемелілік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, емдеуші дәрігер анықтайды. Бала ағзасының «екпелік аурумен» жеңіл түрде ауырып тұруға, сөйтіп бөгдедене қорғаныс заттарын қалыптастыруға дайын болатын сәтін дөп басудың маңызы зор.  Егер де балаға егуді белгіленген мерзімнен бұрын жүргізсе, оның төтемелілік жүйесі дұрыс «жауап бере» алмайды, ал кешіктірсе, осы уақыт ішінде баланың ауырып қалу қаупі бар. Балаларға арналған екпені отандық және шетелдік вакциналармен жүргізуге болады, бастысы, олар тіркеліп, Емдік дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың ұлттық сараптама орталығының сертификаты берілген болуы тиіс. Екпені медициналық мекемелердің арнаулы кабинеттерінде жүргізген абзал, өйткені вакциналар сақтаудың белгілі бір ережелерін талап етеді.Түрліше вакциналардың жанама әсерлері мен асқынулары әр түрлі болып келеді. Қызудың орташа деңгейде көтерілуі, инъекция орнының ауыруы секілді реакциялар айтарлықтай жиі кездеседі. Балалар ұзақ жылап, олардың тәбеті төмендеуі әбден мүмкін.  Екпе жүргізілгеннен кейін баланың, айталық, тітір пайда болған жағдайда жылдам медициналық жәрдем алуы үшін, кемінде 30 минуттай бақылауда болғаны дұрыс.  Көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егу жүргізгеннен кейін баланың қызуы көтеріліп кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл дәрінің әсер етіп жатқанын білдіреді.

Осылайша денсаулығына жауапкершілікпен қараған мемлекеттік қызметкерлердің бұл бастамасы көпке үлгі. Мамандардың айтуынша, вакцина алу — індеттен сақтанудың басты жолы. Аудан тұрғындарын денсаулығын күтіп, айналасына қамқор болуға шақырған аталмыш жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ата-аналар дәрігерлерге екпеге қатысты өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды. Сауран аудандық емханасы ұйымдастырған пайдалы шараға алғыстарын айтты.

Айта кетейік, бұл күні Түркістан облысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен, діни наным-сенімдердің вакцинация мәселесіне әсерін зерделеу шеңберінде дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық етті.

Ел ертеңі — ұлтжанды ұрпақ. Былтырғы жылы Сауран ауданы бойынша 9 отбасыдан шыққан 17 баланың ата­-анасы екпеден бас тартқан. Мұндай көп балалардың егілмеуі иммунитетін түсіріп, әртүрлі жұқпалы аурулар туындауына өте ықтимал. Сондықтан да бұл – ойланатын жағдай. Қандай дін болмасын ол ауру-­сырқауға шалдығуға, азып­-тозуға итермелемейді. Сондықтан да алдын ала егудің, яғни иммундаудың бала денсаулығын сақтауда маңызы аса зор екенін ұмытпайық.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында Үкіметтің инвестициялық жобалардың тізімін жасақтау жөніндегі тапсырмасы орындалуда

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛМАҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі