Вторник, 8 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛМАҚ

2 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛМАҚ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында қытайлық инвестицияның көлемі артып келеді, бұл өңірдегі өнеркәсіптің дамуына оң әсерін тигізуде.  Түркістан облысы мен ҚХР-ң Туризм қауымдастығы туризмді дамыту бағытында өзара тиімді серіктестік орнатуға ниетті. Басты мақсат – халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде жаңа жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвестор Чжоу Дань келіссөздер жүргізген ресми кездесуде айтылды. Басқосу барысында тараптар өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелерін талқылаған. Нәтижесінде, Түркістан облысында замануаи индустриалды аймақ және Мақтаарал ауданындағы «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында өндірістік жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесуде өңірдің инвестициялық артықшылықтарын ерекше атап өткен болатын. Түркістанда дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтар мен «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейтінін айтқан.

Жаңа бастаманы жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвестор Чжоу Дань келіссөздер жүргізіп, сол келіссөз нәтижесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен қытайлық инвестор арнайы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында «Түркістан» арнайы экономикалық аймағының индустриалды паркін салу жобасы жүзеге аспақ. Жоба ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, өндірісті, сатуды және қызмет көрсетуді біріктіретін заманауи интеллектуалды индустриялық кластер құруға бағытталған. Жобаны Орталық Азияда энергетикалық жабдықтар, энергия үнемдейтін жарықтандыру құрылғылары, құбырлар мен клапандар, тұрмыстық тауарлар және тағы басқа өнімдер өндіретін жетекші өндірістік база мен технологиялық инновация орталығына айналдыру көзделуде. Жоба 3 кезеңмен жүзеге аспақ. Инвесторлар өндіріс қуаттылығын кезең-кезеңмен іске қосу, нарықты кеңейту, отандық брендті дамыту жоспарда бар екенін жеткізді.

— Бүгінгі кездесуіміз нақты жоспарлар бойынша пікір алмасу үшін тиімді алаң деп білемін. Түркістан облысының туризм, ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру бағыттары елімізде жетекші орын алады. Ауар-райы қолайлы, еңбекқор халқымызбен мақтанамыз. Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнімнің сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Осы мақсатта заманауи агротехнологияларды енгізу, тамшылатып суару жүйелерін кеңінен қолдану, жылыжайларды автоматтандыру, сондай-ақ логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сіздер Түркістан облысына келіп, өңіріміздің инвестициялық әлеуетімен таныс болдыңыздар. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан бизнесін дамытуға ұмтылған барлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенімізді сенімді түрде айтқым келеді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенемін. Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. Өз тарапымыздан толық қолдау көрсетуге дайынбыз және өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, — деді Талғат Қозбеков.

Сонымен қатар аймақта металлургия саласындағы терең өңдеу, тоқыма бұйымдарын өндіру және электрондық коммерцияға бағытталған логистикалық қойма, өндірістік зауыттар, кедендік қоймалар, кеңсе және тұрмыстық инфрақұрылым нысандарын салу жоспарлануда. Жоба арқылы Орталық Азия аумағында жоғары технологиялы өндіріс пен халықаралық сауда орталығын қалыптастырып, Түркістан облысының өнеркәсіптік дамуына және экономикалық өсіміне ықпал ету көзделуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде танылып келеді. Өңірге келген туристер саны жыл санап артып, бір күндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Мұндай көрсеткіштер туризмді облыс экономикасының жаңа драйверіне айналдыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық.

 

 

Алдыңғы жаңалық

Сауран аудандық емханасында вакцинация мәселесі талқыланды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі