Вторник, 8 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

2 июля, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Осыған орай облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторламен кездесті. Нақтырақ айтсақ, «Resource Іnvest» компаниясының өкілдері киелі Түркістан қаласына келді. Кездесуде екі тарап әріптестік орнату, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

– Бүгінгі кездесуіміз нақты жоспарлар бойынша пікір алмасу үшін тиімді алаң деп білемін. Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды бірлесе жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Түркістан облысының туризм, ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру бағыттары елімізде жетекші орын алады. Ауар-райы қолайлы, еңбекқор халқымызбен мақтанамыз. Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнімнің сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Осы мақсатта заманауи агротехнологияларды енгізу, зауыттарды көптеп ашу, жылыжайларды автоматтандыру, сондай-ақ логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сіздер Түркістан облысына келіп, өңіріміздің инвестициялық әлеуетімен таныс болдыңыздар. Әр өлкенің өзіндік тарихи-табиғи даму ерекшеліктеріне орай оны мекендеген халықтың да өзіндік шежіресі, мәдени дәстүрі мені рухани-әлеуметтік құндылықтары қалыптасатыны белгілі.  Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан бизнесін дамытуға ұмтылған барлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенімізді сенімді түрде айтқым келеді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенемін.  Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бизнеске қаржылай көмек көрсету кезінде негізгі қоятын талабымыз – өңір тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Өз тарапымыздан толық қолдау көрсетуге дайынбыз және өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз. Ұсыныстарыңыз зерделеніп, тиісті шешім қабылданады, – деді Нұралхан Көшеров.

«Resource Іnvest» компаниясының өкілдері Евгений Клюев пен Яшар Латыев, сонымен бірге, осы компанияда қызмет ететін италиялық кәсіпкер Вессио Раффаэле металл кластерін дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Жобаны Түлкібас ауданында жүзеге асыру көзделген. Алатаудың Қаратаумен қауышқан тұсында орналасқан, жердің жерұйығы іспеттес Түлкібас өңірінің әр тасы тарихтан сыр шертетін таңғажайып мекен. Ықылым заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан таулы мекеннің әрбір қырқасы сол кездердің тарихын қойнына бүккендей. Айта кетейік, металлургия зауытын ашу жобасын 2024-2032 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. Зауыт іске қосылса жылына 403,2 тыс. тонна өнім шығару межеленген. Сонымен қатар,  кәсіпорында 400 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Өткен жылы Түркістан облысына инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар және Оңтүстік Корея елдеріне Түркістандық кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, алпауыт компаниялармен маңызды келіссөздер жүргізілген.  Облыс әкімі кездесуде жоба нақтыланған соң Жол картасын әзірлеу керек екенін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,  инвестиция тарту экономикада маңызды бағыт болып есептеледі. Елімізде Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында келеді. Облысқа өткен жылы  888 млрд теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар, өткен 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспардан 1,5 есеге артығымен орындалған. Түркістан облысы – халық саны ең көп өңірдің бірі. Сондықтан аймақта жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамытуға айрықша басымдық берілген.  Сонымен қатар, өткен жылы Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтті.  Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Форумға жалпы 1729 адам, 127 компания қатысты. Форум аясында жалпы соммасы 301,4 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, металлургия зауыты ашылатын Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Келесі жаңалық

Көп балалы отбасы далада қалмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі