Вторник, 8 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көп балалы отбасы далада қалмақ

3 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
Көп балалы отбасы далада қалмақ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік көп балалы отбасы көп ұзамай үйсіз қалуы мүмкін. Роза Бұланбаева есімді тұрғын 2014 жылы Нұртас шағын ауданынан жер алып, баспана тұрғызған. Қазір зейнеткер ата-анасы және бес баласымен осы үйде тұрып жатыр. Бірақ, бір күнде баспанасынан айырылып қаламын ба деп алаңдаулы.

Себебі, оның айтуынша, үйі орналасқан жер теліміне өзге біреудің атына құжат рәсімделіп кеткен. Даудың басы — Шымкент пен Түркістан облысы бөлінген кезеңде Құлагер көшесіндегі бірнеше жер учаскесінің шекарасы ығысып кеткенінен басталған. Салдарынан, 952-ші жер телімінен кейін тікелей 954-ші нөмірлі үй тіркеліп, арадағы бір жер ауада қалған. Бұланбаеваның сөзінше, оның қолында барлық заңды құжаттар — жерді сатып алу шарты мен мемлекеттік акт бар. Алайда, қазір өзін үйден шығару талап етіліп отыр.

РОЗА БҰЛАНБАЕВА
«Біз 2014 жылы шақырған кезде коуч қаққан кезде, неге жерді дұрыстап бермеді? Солардың рұқсатымен там салып жатырмыз ғой. Бар ақшамызды осы тамға салдық. Кімнің үйіне сыямыз. Ол айтып жатыр, мировойға келейік дейді. Жыл сайын 2 млн беріп отырыңыз дейді. Мен оларға қашанғы беріп отырамын, қашанғы асыраймын оларды? Менің 2014 жылы алған жерім қайда мысалы?»

Мәселеге қатысты Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасы да пікір білдірді. Айтуларынша, бұл даулы іс бойынша әкімдік сот процесіне тартылмаған, сондықтан мән-жайды толық білмейді. Дегенмен, мұндай жағдайда жердің заңдылығы мен меншік құқығы тереңірек зерттелуі қажет дейді.

АЛМАС ҚАМБАРОВ,Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
«Шымкент қаласы әкімдігі тартылмаған. Сондықтан, бұл мәселеден бейхабар болып отыр. Соттың актісін зерделеу барысында мен мынадай тұжырымға келіп отырмын: Жер ресурстарын басқару департаментіне жүгіну қажет. Бұл 953 жер учаскесі қалай пайда болды? Оның пайда болу құқығын зерделеу керек. Себебі, зерделенбей қалған болуы да ықтимал.»

Қазір әкімдік бұл оқиғаға жіті мән беріп, мән-жайды анықтаймыз деп отыр. Алайда, Роза Бұланбаева үшін уақыт тығыз. Өйткені, 4 шілде күні үйді бұзу туралы жеке сот орындаушыларының шешімі шыққан.
Бүтіндей бір отбасының тағдыры қыл үстінде тұр.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі