Вторник, 8 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСУДА

5 июля, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА  ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСУДА
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық жоспарына сәйкес Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өнеркәсіп саласын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда өңірге қарасты барлық аудандар кезекті бірнеше маңызды жобаларын жүзеге асыруда. Соның бірі Ордабасы ауданында «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ЖШС-де алюминий профильдері өндірілмек. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев журналистерге берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Аталған кәсіпорында қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны — 4,4 млрд теңгені құрайды. Жоба іске қосылса, 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы — 30 мың тонна.

Сондай-ақ, Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументінде қазақтың үш биіне арналған ескерткіш бой көтерген. Қазіргі таңда аудан орталығындағы монумент туристер үшін танымал орынға айналып келеді. Айта кететін жайт, бұл тарихи кешен демеушілер есебінен салынған.

Ордабасы ауданында бұдан өзге туризм саласындағы 2 ірі жоба бар. Олардың бірі — елімізде теңдесі жоқ «AIR CRAFT» жобасы. Бұл жоба аясында Шұбар ауылдық округіндегі 54 гектар аумақта ұшқыштар даярлау және ұшақтарды шығару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Аталған жоба аясында алдағы уақытта 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, аудан орталығында бір мезетте 300 адамға дейін қызмет көрсететін «Темірші» демалыс аймағы бар. Аталған орын жеке кәсіпкердің өз қаражатына салынған. Қазіргі таңда 30 адам тұрақты жұмыс істеуде.

Жалпы Ордабасы ауданында жыл басынан бері 9,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш Түркістан облысы үшін үлкен күш. Аудан әкімі өнеркәсіп өнімінің көлемі — 20,6 млрд теңгеге жетсе, ауылшаруашылық саласында өнім көлемі — 14,3 млрд теңгені құрайтынын атап өтті.

Биыл Ордабасы ауданында 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 350 гектар жерде 125 жоба жүзеге асырылуда. Су үнемдеу технологиясы биыл 1 333 гектарға енгізіледі. Аудандағы 129,4 гектар жылыжайда 12 мың тонна көкөніс өнімдері өндіріледі. Сонымен қатар, аудандағы 14 705 шағын кәсіпкерлік нысандарында 21 407 адам жұмыспен қамтылған. «Ордабасы» және «Бадам» индустриалды аймақтарында жалпы құны 30 млрд теңгеден асатын 10 жоба жүзеге асуда. Аталған аумақтарда 1200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары 100 пайызға жаңартылды. Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 7 дана трансформатор ауыстырылатын болады. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 230,4 шақырымды құрайтын 201 көшеде жарықтандыру құралдары орнатылған. Биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Темірлан елді мекенінде 216 отбасының баспана мәселесі шешілетін болады,-деді Азат Оралбаев.

Ордабасы ауданда жыл соңына дейін аймақтағы елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, 2026 жылдың аяғына дейін аудан тұрғындарын толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Бұдан өзге, ауданда 57 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған.

Сонымен қатар, Ордабасы ауданында мал жүнін бастапқы өңдеу және қазақы нақыштағы кілем тоқу жобасы қолға алынуда. Аталған жоба үшін аудан аумағынан 1 гектар жер телімі қарастырылған. Сонымен қатар, ауданда жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру да жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 50 гектар жер телімі белгіленген. Аталған жобаларды жүзеге асыруға Иран Ислам Республикасынан келген шетелдік инвестор – «Талифа» ЖШС ниетті. Бұл жобаларға Қажымұқан және Қарақұм ауыл округтері аумағынан қажетті жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, құжаттары Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы рәсімделмек.

Айта кетейік,бұған дейін аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвесторлармен арнайы кездесу өткізіп, олардың жоспарларымен танысқан. Кездесу барысында ауданның даму бағыты мен әлеуеті таныстырылып, екі тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған жобалар жүзеге асқанда, өңдеу өнеркәсібі саласында өнімнің жаңа түрлері өндіріледі. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің және өңір мен аудан экономикасының дамуына серпін беретін болады.

 

 

Алдыңғы жаңалық

Көп балалы отбасы далада қалмақ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНҒА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі