Сіздерді 6 шілде — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана — бұл тәуелсіз Қазақстанның символы, елдің жүрегі, бірліктің мызғымас бейнесі. Қысқа мерзім ішінде бой көтеріп, әлемге танылған елордамыз — халқымыздың болашаққа деген сенімі мен қажырлы еңбегінің көрінісі. Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.
Бүгінгі таңда Астана — ғылым мен мәдениеттің, саясат пен экономиканың ірі орталығына айналып, әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналды.
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық пен өркендеу тілеймін!
Астана күнінің мерекесі құтты болсын!
Елордамыз — еліміздің нұрлы болашағы бола берсін!
Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Ғани Ахылбекұлы Раймбеков!