Баршаңызды 6-шілде Астана күні – мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.
Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.
Астанамыз өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Мереке құтты болсын!
Қанат Нышанов, Түркістан облыстық мәслихат депутаты!