Астана бас қаламыздың бүгін 6-шілде туған күні. Баршаңызды Астана күні – мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Астана айшықты қала! Әсем келбетімен ажарланған арман қала! Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.
Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.
Қазақстанды мекен еткен барша ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігінің кепілі. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға амандық, мықты денсаулық, бейбітшілік тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Алмас Салимов, Түркістан облыстық мәслихат депутаты!