Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Мамандық – адамның болашағы!

8 июля, 2025
in Денсаулық
0
Мамандық – адамның болашағы!
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі заман ағымына ілесу, білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік қажет.  Осыған орай, Сауран ауданының  аудандық емханасында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Сауран аудандық емханасының барлық құрылымдарынан 30 жылдан аса еңбек өтілі бар мамандар және емханада қызмет атқаратын басқа сала мамандары, дәрігерлер шақырылды. Мамандық – адамның болашағы. Сол себепті мамандық таңдау әрбір адам өміріндегі аса маңызды шешім. Бүгінде мамандықтың түрі көп. Әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамның тәнін емдесе, мұғалім білім нәрімен сусындатады, мұнан өзге маман иелері де өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етеді. Ең маңыздысы, мамандықты өз қалауыңдағы арманыңмен ұштастырып таңдау. Ал бұл екінің бірінін қолынан келе бермейді. Себебі кей адамдарға бұл өмірде өз орнын табу қиындық туғызады. Тіпті көбіне бітіруші түлектің орнына ата-анасы таңдау жасайтыны белгілі. Әрбір адам бала кезінде мен өскенде мынадай мамандық иесі боламын деп армандаған болар. Бірі дәрігер, бірі мұғалім ал енді бірі тіпті қиялдап «супермен боламын» деп бала арман жетегіне ергені рас.

Іс-шара барысында  ақ халатты абзал жандар өз тәжірибесімен бөлісті, жұмыс барысында кездескен есте қаларлық қызықты сәттерін әңгімеледі.

— Дәрігер болу үшін ең алдымен осы мамандыққа деген үлкен сүйіспеншілік керек. Мамандықты шын жүрегіңмен қалау арқылы барлық қиыншылықтан сынбай өтетін боласың.  Жаңа ғасырдың жастарына үлкен мүмкіндіктер берілуде. Білімді адам, алдына мақсат қойған жастар міндетті түрде медицина мамандығына оқи алады. Осы күні медицина саласында қызыға қарайтын жаңа тың тәсілдер пайда болуда. Ең алдымен дәрігер болу үшін адамда үлкен жүрек болу керек. Жүрегі таза, мейірімді адам дәрігер болады. Науқасты емдейтін де дәрігердің жылы алақаны мен мейірімді жүзі, сөзі. Бала кезімнен ақ халат киген дәрігерлердің осындай жақсы қасиеттерін көріп өстім. Адамның сеніміне ие болу үшін өзіңнің бойыңнан да жақсы қасиеттер табылуы керек. Ал терең білім мен тәжірибе сөз жоқ жаны дерттен құлазыған адамға жаңа өмір сыйлайды. Әдетте дәрігер қателеспеуі керек дейді. Иә, дәрігер қателігі адам өмірін қияды.,-деді ақ халаттылар.

Әрбір мамандық жауапкершілікті қажет етеді. Әрине ол үшін ерең еңбек пен қажырлы, тайсалмайтын өжеттілік қажет. Осы қасиеттерді бойымызға жинай алсақ, мақсат қоя білсек, бұған да жетеміз. Осы орайда Абай атамыздың:«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деген керемет сөзі есіме түсіп отыр. Болашақты бағдарлап, мақсат қоя біліп, керемет маман иесі атануға, өмірден өз орнымызды табуға ұмтылайық! Жиын соңында қатысушылар естелік фотосуретке түсті

Алдыңғы жаңалық

Ерте жүктілік — үлкен қауіп!

Келесі жаңалық

САУРАНДА «САЛАУАТТЫ ЖАЗ – 2025» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі