ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған «Салауатты жаз – 2025» жыл сайынғы профилактикалық науқанын бастады. Бағдарлама бүкіл жазғы маусымды қамтиды және медициналық қарап-тексерулерді, білім беру акцияларын, мектептің медицина қызметкерлерін оқытуды және басқа да іс-шараларды қамтиды. Осыған орай, Сауран аудандық емханасының дәрігерлері “Салауатты жаз-2025” сауықтыру профилактикалық және оқыту бойынша ашық есік күнін өткізді. Науқан шеңберінде өңірлерге және ауылдық елді мекендерге жылжымалы медициналық кешендер шығады. Нақтырақ айтқанда, Сауран аудандық емханасына қарасты «Нұртас» дәрігерлік амбулаториясында ЖТД, офтальмолог, хирург, травматолог, стоматолог дәрігерлерін жылжымалы медициналық кешен құрамына енгізе отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға 30-ға жуық бала қамтылды. Дәрігерлер балаларды толықтай тексеруден өткізіп, салауаттылыққа шақырды. Шара барысында бүлдіршіндер профилактикалық тексерулерден өтіп, дәрігер мамандардың кеңесін алды. Сондай-ақ, негізгі кезеңде олардан өтпеген балалар үшін қосымша қарап-тексерулер жоспарланған. Созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылады. Бала – өмірдің мәні. Ал оның денсаулығы сау, еш жері ауырмай, салауатты болып өссе одан бақытты бала болмас. Денсаулық әрбір адам үшін қымбат екендігін бәріміз жақсы білеміз. Дені сау бала – бақытты бала деген ұғымды ұйқастырсақ болады. Егер де баланың көңіл-күйі болмай, мазасыз болса демек ол денсаулығына байланысты. «Салауатты жаз» шеңберінде олар қажетті сауықтыру мен бақылауға ие болады. Сауран аудандық емхана дәрігерлері ата-аналарды жазды қауіпсіз және балалардың денсаулығына пайдалы ету үшін науқанға белсенді қатысуға шақырады. Жаз – денсаулықты нығайтатын кезең! Сонымен қатар, тамыз айында оқу жылы қарсаңында мектептің медицина қызметкерлерін – алғашқы көмек көрсету, тамақтануды ұйымдастыру және балаларды психологиялық қолдау бойынша оқыту басталады. Дені сау, бақытты, жан-жақты дамыған бала — қоғам мен мемлекет үшін ең жоғары құндылық. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балалар барлық бағыттар бойынша тегін медициналық көмек алудың басым құқығын пайдаланады. Балалардың денсаулығын сақтауда жүктілік кезеңінен бастап дамудың барлық кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай дәйекті стратегиясын сақтау маңызды екенін айта кету керек. Жалпы, бала денсаулығы нашарласа медицина көмегіне жүгініп, ата-ана асқан жауапкершілікпен қарауы керек.
- Баланы жиі мақтап, назар аударып, уақыт бөліңіз.
- Писхологқа жүгініп, ақпарат алып, баламен қарым-қатынасыңыз жақсы әрі қалыпты болсын.
- Басқа балалармен салыстырмаңыз. Тек өз балаңыздың кішкене жетістігі болса да мақтап, жылы сөз айтыңыз.
- Іс-шара, концерттерге қатыстырып, белсенді қылыңыз.
- Қызығушылық тудыратын әрекеттерін қарап, соған бейімдеңіз.
- Ортасына көңіл бөліңіз. Дұрыс қадағалаңыз!
Бала – болашағымыз. Оның бақытты болуын әрбір ата-ана қалайды. Сол себептен баланың денсаулығына жіті бақылау жасап, назар салған дұрыс!