Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ

9 июля, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өнеркәсіп саласын күшейтуді жіті тапсырған болатын. Осы орайда өңірге қарасты барлық аудандар кезекті бірнеше маңызды жобаларын жүзеге асыруда. Соның негізінде Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға ерекше мән берілуде. Аталған жұмыстар бойынша Келес ауданының  әкімі Жәнібек Ағыбаев «Асвс ойл» ЖШС өкілдерін қабылдап, жаңа өндіріс орнының ашылу барысын талқылады.

Аталған серіктестік Ошақты ауылдық округіне қарасты Сарыжылға елді мекенінің аумағынан жалпы құны 1 млрд 780 млн теңге болатын жібек құртын өсіру және өңдеу кәсіпорнын салуды қолға алуда. Жоба аясында 60 гектар жер учаскесіне тұт ағашының көшеттері отырғызылып, жоба іске асса 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Қазіргі таңда аталған жер учаскесі заңды негізде бөлініп, қажетті инфрақұрылым жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жер асты су ұңғымасы қазылып, су шығару жұмыстары сәтті аяқталған. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен тұт ағашының көшеттерін жеткізуге байланысты келісім-шарт жасалды.

Облыс басшысы Нұралхан Көшеров; Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды әрқашан бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Түркістан облысының туризм, ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру бағыттары елімізде жетекші орын алады. Ауар-райы қолайлы, еңбекқор халқымызбен мақтанамыз. Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнімнің сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Осы мақсатта заманауи агротехнологияларды енгізу, зауыттарды көптеп ашу, жылыжайларды автоматтандыру, сондай-ақ логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде,-деген болатын өз сөзінде.

Ағымдағы жылы жоба тиімділігін бағалау мақсатында Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағында 0,5 гектар жерге сынамалық тұт көшеттері отырғызылған болатын. Бүгінде аталған көшеттер жергілікті климатқа бейімделіп, алғашқы өнімін беруде. Жобаның келесі кезеңінде инвесторлар тұт жапырағынан шай өндіру бағытын дамытуды көздеп отыр. Бұл мақсатта Қытайдан арнайы шай өндіруге арналған заманауи қондырғыларды жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысына инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар және Оңтүстік Корея елдеріне Түркістандық кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, алпауыт компаниялармен маңызды келіссөздер жүргізілген.  Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,  инвестиция тарту экономикада маңызды бағыт болып есептеледі. Елімізде Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында келеді. Облысқа өткен жылы  888 млрд теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар, өткен 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспардан 1,5 есеге артығымен орындалған. Түркістан облысы – халық саны ең көп өңірдің бірі. Сондықтан аймақта жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамытуға айрықша басымдық берілген.  Сонымен қатар, өткен жылы Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтті.  Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Форумға жалпы 1729 адам, 127 компания қатысты. Форум аясында жалпы соммасы 301,4 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауыз су тапшылығын түбегейлі шешу мақсатында екі ірі ауыз су қоймасын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 гектар аумақта сыйымдылығы 20 000 м³ болатын су қоймасының және Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде 1 гектар аумақта сыйымдылығы 600 м³ су қоймасының құрылысын жүргізу көзделуде.

Аталған құрылыс жұмыстары «Түркістан облысы Келес ауданы елді мекендері үшін су жинау имараты мен жеткізуші су құбырларының құрылысы» жобасы аясында жүзеге асады. Жобалау-сметалық құжаттаманы «МПК Проект» ЖШС әзірлеуде. Жоба іске қосылған жағдайда, Абай ауылы мен оған іргелес екі ауылдық округтің 25 000 тұрғыны тәулік бойы үздіксіз таза ауыз сумен қамтылады. Қазіргі таңда Келес ауданындағы 83 елді мекеннің 64-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 19 елді мекендегі мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Оның ішінде, 14 ауылда су нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жаз мезгілінде су тұтыну көлемінің артуына байланысты Абай ауылындағы су тапшылығы байқалған мөлтек аудандарға кесте бойынша арнайы көліктермен ауыз су жеткізіліп отыр.

Алдыңғы жаңалық

САУРАНДА «САЛАУАТТЫ ЖАЗ – 2025» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысында жаңа өндіріс орындары ашылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі