Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

11 июля, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірге инвестиция тарту, өнеркәсіп орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды Түркістан төрінде қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуеті кеңінен таныстырылды.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Биыл Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл – өңір туризмі үшін маңызды қадам. Сіздермен өндірістің сан саласында әріптестік орнатуға дайынбыз. Сіздер Түркістан облысына келіп, өңіріміздің инвестициялық әлеуетімен таныс болдыңыздар. Әр өлкенің өзіндік тарихи-табиғи даму ерекшеліктеріне орай оны мекендеген халықтың да өзіндік шежіресі, мәдени дәстүрі мені рухани-әлеуметтік құндылықтары қалыптасатыны белгілі.  Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан бизнесін дамытуға ұмтылған барлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенімізді сенімді түрде айтқым келеді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенемін.  Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бизнеске қаржылай көмек көрсету кезінде негізгі қоятын талабымыз – өңір тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Өз тарапымыздан толық қолдау көрсетуге дайынбыз және өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз. Облыста индустриалды аймақтар, өндірістік парктер, арнайы экономикалық аймақ бар. Ауыл шаруашылығынан бөлек өндіріс, туризм және өзге де бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Шанхайлық делегация өкілдері мен ірі кәсіпкерлері Түркістан өңіріне қызығушылық жоғары екенін айта келе, жобаларды талқылауға дайын екендерін жеткізді. Олар Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізбек. Сонымен бірге инвесторлар алманы терең өңдеп, Еуропаға экспорттау, ұн және наубайхана шаруашылығын дамытып, өз елдеріне экспорттау, түсті металдарды терең өңдеу, киім тоқу саласы бойынша да өндіріс орындарын ашып, бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар екендерін айтты.  Қос тарап аталған ұсыныстарды зерделеп, тиісті келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысы бастаған делегация Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауы және ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. Жұмыс сапарының алғашқы күні өңір делегациясы Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар,  өткен жылы қос өңір арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Шэньси провинциясы – Қытайдың жетекші экономикалық орталықтарының бірі және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда мен инфрақұрылымдық даму салаларында үлкен әлеуетке ие. Осыған байланысты тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инновациялармен алмасу және сауда көлемін ұлғайту бағытында тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі өңір арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту үшін өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласқан.

Сонымен қатар іссапар жоспары аясында су ресурстарын тиімді пайдалану және сумен жабдықтау жүйелерін дамыту бағытында маманданған «Shaanxi Water Development Group Co. LTD» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізген. «Shaanxi Water Development» компаниясы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу, ауызсу жүйелерін жобалау, кәріз жүйелерін жаңғырту, суды тазарту технологияларын жетілдіру және осы салаға қатысты өнімдер өндірумен айналысады. Компания құрамында 19 мамандандырылған кәсіпорын бар. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, компания активтері 150 млрд юаньды (шамамен 21 млрд АҚШ долларын) құрайды. Бүгінде компания мамандары 15 елде ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда.

Қытайлық компания өкілдері суды тазарту және ластанған суды қайта өңдеу, халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету, су сапасының қауіпсіздігін бақылау саласындағы озық тәжірибелерімен бөліскен. Сондай-ақ ауыз судың қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды қолдану бойынша бірлескен жобаларға қатысу ұсынылды.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында жаңа өндіріс орындары ашылмақ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі