Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨП!

18 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨП!
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Кентаудағы құрылыс алаңдары мен индустриалды аймақтарды аралады. Одан кейін қала әкімдігінің ғимаратында актив отырысын өткізіп, Кентауды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.   Қаладағы индустриалды аймақтың әлеуеті жоғары болғанымен, қазіргі таңда инвестор тарту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Жол картасы аясында биылға жоспарланған 10 жобаның 3-еуі ғана іске асырылып отыр. Реттеңіздер. Салалық басқармамен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесін қайта пысықтап, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырамын.  Халықты табиғи газбен қамту бойынша да жұмысты жандандыру керек. Шұғыл арада газ нысандарының құжаттарын заңдастырып, тиісті мекеме теңгеріміне өткізіңіздер. Біз Кентауды дамытуда бірлесе жұмыс істеуіміз қажет.  Бұл ретте әкімдікпен бірге депутаттардың да белсенділігі маңызды. Инвестициялық жобаларды қолдауға белсенді араласып, өз округтеріңіз бойынша әлеуетті жобалар мен мүмкіндіктерді зерделеп, нақты ұсыныстар беріңіздер,  – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.  Басқарма басшылары өз салалары бойынша кездескен кемшіліктерге тоқталып, шешу жолдарын талқылады.  Облыс басшысы Нұралхан Көшеров басқарма басшылары мен қала әкіміне тиісті міндеттер жүктеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала тазалығын күшейтуді тарсырды. Тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

Айта кетейік, 6 айда Кентауда жалпы өнім көлемі 41,2 млрд. теңгені құрап,  2024 жылмен  салыстырғанда 113,5% өсім деңгейінде болды. 2025 жылдың 6 айдың қорытындысымен қалалық бюджет 9,4 млрд. теңгені құрады. Жеке табыстар жоспары 2,1 млрд. теңге болса, орындалуы – 2,4 млрд теңге немесе 111,6%. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 11,4 млрд.теңге болса, нақты орындалуы 12,3 млрд. теңгені құрап, өсімге қол жетті.  Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 3,2 млрд. теңгеге өскен.

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі дамып келеді. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалды аймақты аралап, мұндағы өндірістік жобалармен танысты. Кәсіпкерлермен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сала мамандарына өндірісті дамыту бағытында тапсырмалар жүктеді. Бұл салаға басымдық беріліп, қолдау көрсетілетінін жеткізді.  Қалада 43 га жерде индустриялық аймақ орналасқан. Бүгінгі таңға 7 жоба іске асырылған. Биыл үш жоба іске қосылмақ.  Өңір басшысы Кентау индустриалды аймағында орналасқан «АБН Альянс» ЖШС-нің полиэтиленді құбыр өндіретін кәсіпорнының жұмысымен танысты. Сондай-ақ мұнда құбыр өндірісінен бөлек кірпіш зауытының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Цехта жалпы саны 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба құны – 1,5 млрд. теңге.

Биыл Кентау қаласында жалпы 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба толық іске қосылса, 492 жаңа жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласы бойынша нақты 4 жоба құрылып, 310 тұрақты жұмыс көзі ашылады деп күтілуде. Ондағы 2 жоба арнайы экономикалық аймақта орналасса, қалған 2 жоба индустриалды аймақта жүзеге асады. Мұндағы мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, инвестиция көздерін ұлғайту,  өңірдің өндіріс көлемін арттыра отырып, экономикалық дамыған аймаққа айналу. Сонымен бірге «TURAN SHENHUA» ЖШС газ қазандықтары мен тұрмыстық техникаларын өндіру жобасы жоспарда бар. Кәсіпорын 120 адамды жұмыспен қамтымақ. Құрылыс жұмыстары биылғы  қараша айында аяқталады, жобалық-сметалық құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Кентау индустриалды аймағында «АйдарСтройГрупп» ЖШС металл бұйымдарының өндірісі қолға алынады. Мұнда 50 тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.  Жалпы өңірде метал құрылымдарының өндірісі даму үстінде. Оған дәлел, экономикалық аймақта тағы бір метал құрылымдарын өндіретін «Сапар Құрылыс-С»ЖК цехының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жоба құны 400 млн.теңгені құрайды.

Бүгінде Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалдық аймақ ашылған. Одан бөлек, биыл 744 гектарды құрайтын жаңа 5 аймақ құрылды. Оның ішінде, «Жетісай», «Отырар», «Арыс», «Қарамұрт және «Шардара-2» индустриалдық аймақтары бар.
Бұл аймақтарда құны 129 млрд теңгені құрайтын жалпы 84 жобаны іске асыру жоспарланған. Ағымдағы жылы 17 жоба іске қосылады. Сондай-ақ, қосымша Төлеби ауданында 1 индустриалдық аймақты ашу және Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданындағы 2 аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУАРЛЫ СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

«Салауатты жаз – 2025» жыл !

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі