Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көрсеткіштер жыл өткен сайын артып келеді.

18 июля, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көрсеткіштер жыл өткен сайын артып келеді.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын, оларға қолдау жасау арқылы елді жұмыспен қамтуды тапсырған болатын. Осыған орай, Келес ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған. Түркістан облысы Келес ауданында өткен жылы 10 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жалпы құны  3,8 млрд.теңгені құрайтын инвестиция тартылды. Ал, биылғы жылға Алпамыс батыр ауылдық округіндегі Қауыншы ауылында 2000 орындық спорт кешенін салу, Ақжол ауылында 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана және 100 орындық балабақша салу көзделуде. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен сыйымдылығы 3,400 тонналық тоңазытқыш қоймасы мен тігін цехының құрылыстары басталды. Қойма 2025-2026 жылдар аралығында іске асады деп жоспарланған. Жоба құны 800 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, аталған елді мекендерді таза ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қолға алынып, аяқталуға жақын. Бүгінде елді мекендердің ішкі су құбырларын қосу жұмыстары да жалғасуда. Сонымен қатар, электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату жұмыстары жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Одан бөлек, көшелерді жарықтандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылған. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар көшелерге асфальт төселіп, тас төсеу жұмыстары да жүргізілген.

Жалпы, Келес ауданы Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша биыл 1282 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ер-тайыр» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі таңда 5 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған.

Айта кетейік, өткен жылы Келес ауданында жалпы құны 45,7 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны іске асыру, яғни 1 150 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Бүгінде аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың нақты тапсырмасы негізінде инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда кәсіпорындарын инфрақұрылым жүйелерімен қамту, жер, су мәслелерін шешу бағында нақты шаралар қолға алынған. Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көрсеткіштер жыл өткен сайын артып келеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, өткен жылы Қытай Халық Республикасынан келген инвестициялық жоба жетекшілермен кездескен. Кездесуде аудан әкімі, ауданның экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық екенін айтып, инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу қажет екендігін алға тартты.

Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар басшыға аудан аумағынан зауыт ашуға ниетті екендіктерін жеткізді. Аудан басшысы тарапынан инвесторларға:

-Көкөніс сақтау қоймасын салу;

-Жүн-тері өңдейтін;

-Қатты тұрмыстық заттарды қайта өңдеу зауытын салу бойынша тиісті ұсыныстарды айтты, сондай-ақ біздің аймақ Түркменстан, Тәжікстан, Израйль, Араб тіпті Африка елдерінің қақпасы болып түрған үлкен дәріз екендігін атап өтті.

— Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тартудың маңызы зор. Себебі инвестиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кілті болып табылады. Бұл кездесудің де негізгі мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру, жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту үшін қажетті шараларды талқылау,- деді аудан басшысы.

Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.

Түркістан облысындағы негізгі бағыттардың бірі – инвестиция тарту, туризм. Аймаққа келуші туристер мен инвесторлардың саны жылдан-жылға артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қою жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Жаңа өндіріс орындары ашылып, зауыттар іске қосылуда. Бұл өңірдің ілгері дамуының ашық айғағы.

Бұдан бөлек, облысқа инвестиция тарту және сауда-экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар, Оңтүстік Корея елдеріне іссапар ұйымдастырылып, маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, өткен жылдың қазан айында Түркістан қаласындаХалықаралық форум өткізіліп, оған 127 компания қатысты («TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM»). Форум аясында 28 компаниямен G2B және 47 компаниямен B2B форматында кездесулер өткізіліп, 301 млрд теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.

Алдыңғы жаңалық

«Салауатты жаз – 2025» жыл !

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі