Суббота, 13 декабря, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

АҚ ХАЛАТТЫ, АДАЛ ЖАН!

27 июля, 2025
in Денсаулық
0
АҚ ХАЛАТТЫ, АДАЛ ЖАН!
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дәрігер деген өте маңызды, жауапкершілігі мол мамандықтардың бірі. Осындай жауапты дәрігердің бірі Түркістан облысы, Сауран ауданында қызмет етіп келеді. Сауран аудандық емханасында бүгінде, Курбанов Рахматулла Абдукадирұлы «Сауран аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жүйнек ДА-ның аға дәрігері болып қызмет атқарады. Ол 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан  облысында дүниеге келген.  Білімі жоғары, 1987 жылы Орта Азия медициналық педиатрия институты, педиатрия мамандығы бойынша бітірген. 37 жыл осы салада аянбай еңбек еткен. Дәрігер емхана көлемінде жүргізілген қоғамдық, мәдени іс-шараларға белсене араласады. Жауапкершілігімен және жоғары орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. Аудан көлемінде емхананың танылуына және оның өркендеуіне, сапалы медицина мамандарын даярлауда өз  үлесін қосуда.  Жоғары санатты қызметкер

Дәрігер деген өте маңызды, жауапкершілігі мол мамандықтардың бірі. Дәрігер болу менің бала кездегі арманым.  Мамандық таңдауда ешқашан күмәнім болған емес. Мен,  1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім. 1987 жылы Орта Азия медициналық педиатрия институтының педиатрия факультетін бітіргенмін. 1986 — 1987 жылдары Орта Азия медициналық педиатрия институтының Балалар урологиясы бөлімінде мейіраға ретінде қызмет атқардым. 1987 — 1988 жылдары Кентау қаласындағы Қалалық балалар медициналық бірлестігінде дәрігер-интерн ретінде тәжірибеден өттім. 1988-1989 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы Шорнақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясында педиатр-дәрігер болып жұмыс жасадым. Елімізде жалпы облысымызда медицина саласы жыл сайын дамып келеді. Оны мойындау керек. Ауданымызда медицина саласына, дәрігерлерге қолдау көп. Біз бұрынғы кезбен салыстырғанда әлде қайда даму жолында еңбек етіп келеміз қазір. Жаңа технология, соңғы үлгідегі аппараттар қолжетімді,-деді Рахматулла Абдукадирұлы.

Тура осылай өз еңбек жолын бастаған ақ халатты, 1989-1994 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы Камунна ауылдық дәрігерлік амбулаториясында педиатр-дәрігер болып жұмыс атқарған. Одан кейін, 1994-1995 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы Қызыл жол ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бас дәрігер м. а. болып жұмыс атқарған. 1995-1999 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы Камунна ауылдық дәрігерлік амбулаториясында педиатр-дәрігер болған. 1999-2006 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы Камунна ауылдық дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер болып жұмысын жалғастырған. Бертін келе, 2006-2008 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы Камунна ауылдық дәрігерлік амбулаториясында педиатр дәрігер болып жұмыс атқарған. 2008-2009 жылдары ОҚО, Түркістан қаласы №11 отбасылық дәрігерлік емханасында аға дәрігері болды. 2009–2017 жылдары ОҚО, Түркістан қалалық орталық ауруханасында аға дәрігері қызметіне кіріскен. 2017-2018 жылдары ОҚО ДСБ «Жансая» облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы» МКҚК-да жалпы тәжірибелі дәрігер қызметін атқарған. Ал, 2018-2019 жылдары ОҚО ДСБ ШЖҚ «Кентау қалалаық емханасы» МКК-да аға дәрігер, дәрігер сарапшы қызметтерін атқарған. Одан кейін, 2019-2022 жылдары ОҚО ДСБ ШЖҚ «Кентау қалалаық емханасы» МКК-на қарасты Жүйнек дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер қызметін атқарып, бүгінгі таңда ТО ҚДБ «Сауран аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-да аға дәрігер қызметін жалғастырып келеді. Бүгінге дейін бірнеше «Алғыс хат» марапаттардың иегері болған. Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігінің Республика күні мерекесіне орай «Құрмет грамотасымен» 2022 жылы марапатталған

 

Алдыңғы жаңалық

Сауран аудандық емханасында тәжірбиелік семинар өтті.

Келесі жаңалық

ДЕПУТАТТАР-МӘСЕЛЕСІ БАР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі