Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Туған күніңмен, ұлы тұлға!

11 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Туған күніңмен, ұлы тұлға!
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Абай елінде ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған негізгі іс-шаралар легі аталып өтуде. Мерейтойға куә болу үшін еліміздің әр өңірінен қонақтар көптен баруда. Соның ішінде киелі Түркістаннан облыстық мәслихатының өкілі ретінде облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимовта бар.

— Семейде күн сайын түрлі ісшараларға қатысудамыз. Соның бірі, “Адамзаттың Абайы” республикалық айтысы өтті. Облыс әкімі Берік Уәли мырзаның ақ дастарханынан дәм татып, ақын аға бауырлармен, қазақтың марғасқаларымен жүздесіп арқа-жарқа болып қалдық. Түркістан облыстық мәслихатының арнайы құттықтау жедел хатын оқып, облыс басшысына табыс еттім. Тарихи сәтке куә болғандар атынан ризашылық білдіремін. Бұдан өзге, көрме, кітаптардың тұсаукесерлері, республикалық конференциялар өтуде. Осы айтулы шараға Түрістан облысының атынан келіп, хакімнің тойында қызмет ету бұйырғанына шүкір,- деді халық қалаулысы!

Абай шығармалары мен мұралары ұрпаққа өшпес өнеге! Абай ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.
— Сапар барысында тың дүниелер мен бай мұралар қорын көзбен көрдік. Тарих өшпес мәңгілік. Абай жолы -ізгілік. Еңлік-Кебек кесенесіне, Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың Кесенесіне арнайы кіріп дұға еттім. Бұл сапар бабалар тағылымын дәріптеу. Жидебай төрінде ұлы ақынға құран бағыштадық. Зиялы қауым өкілдерімен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық,-деді А.Алтайұлы.

Бұдан өзге делегаттар Семейдегі Невазаровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы тағы да құтты болсын.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі