Құрметті құрылыс саласының өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің тынымсыз еңбегіңіздің, біліктілігіңіз бен жауапкершілігіңіздің арқасында елді мекендеріміз көркейіп, халықтың әл-ауқаты артып келеді.
Құрылыс – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің нақты көрсеткіші. Елімізде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Мұның барлығы құрылысшылардың ерен еңбегі деп ойлаймын. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы көз тартар күйге енгенін баршамыз көріп жүрміз. Құрылыс саласы қызу жүргізіліп, зәулім үйлер мен ғимараттар жарыса бой көтеруде. Қас қағым сәтте адам танымастай болып өзгеріп кетті деуге келеді. Мұның барлығы қажырлы еңбек пен жауапкершіліктің арқасы. Мен өзім осы құрылыс саласынаан алшақ емеспін. Кәсібім тоғысатын болғандықтан бұл саланың қыр-сырын жақсы білемін. Осы салада еңбек етіп жүрген сіздерге зор алғысымды білдіре отырып, жаңа жобаларда табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Еңбектеріңіз еленіп, елімізге сіңірген қызметтеріңіз баянды болсын!
Түркістан облыстық мәслихат депутаты Сайдирасулхан Ералиев!


