Бүгінгі уақытта Абайдың кім екенін сұрасақ, әр адам: «Абай- дана ақын,өз заманының озық ойлы демократы, тіл ағартушысы, терең ойшыл, қоғам қайраткері, көрнекті ақын, сөз өнеріне өз үлесін қосқан талантты сазгер, артына татымды ән мен ойлы күй қалдырған асқан өнер иесі»,- деп айта алады. Биылғы 2025-шы жылы — Абайдың 180 жылдығы. Сондықтан әр оқу орнында, кітапханаларда, мәдени орталықтарда көптеген шаралар өткізілуде. Ал, Абай елінде ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған негізгі іс-шаралар легі басталып кетті. Абай ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.
Данышпан Абай өз шығармаларында « Ісім өнсін десең, ретін тап»,- деп кәсіпкерлік туралы да айтқан. Кәсіпкерлікке еңбекті насихаттау мақсатында көңіл бөлген. Абайдың арманы – қазақ халқын бай елдердің қатарында көріп, малды адал жолмен тауып баю, басқа біреуге тәуелсіз болу.
Ойшыл ұлы Абай білім алу саласына да өз көзқарасын болашақ ұрпаққа үлгі болсын деп, білімнің екі түрі болады деген ұғымын берген. Білімнің біріншісі – материалдық түрі; екіншісі – рухани. Материалдық білімге табиғатты зерттейтін барлық ғалымдар, оның ішінде қоғамдық қатынастар жөніндегі көпшілік білімдер жатады. Рухани білімге- табиғатты және олардың арасындағы қарым-қатынасты қамтиды. Метериалдық білім- рухани білімнің бір бөлігі, сондықтан рухани білім материалдық білімді қамтиды. Бұл Абайдың өзінің зерттеген ұғымдары.
Құрметті көпшілік!
Баршаңызды Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен шын жүрект ен құттықтаймын. Абай дара, Абай дана!
Түркістан облыстық мәслихат депутаты Мырзахан МАНАПОВ!


