Еліміздің айбынды мерекесі – Конституция күні құтты болсын!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстанымыз дамудың даңғыл жолымен жарқырап келеді. Игіліктің ізгі жолында ел азаматтары айтулы істер атқарып жүр. Соның бірі – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “AMANAT” партиясының мүшесі Сайдирасулхан Ералиев. Ол барша отандастарды мерекемен құттықтады.
– Құрметті отандастар!
Сіздерді Республикамыздың әрбір азаматы үшін қастерлі күн – Конституция мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекенің маңызы зор, себебі Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұғыры, халқымыздың еркіндігі мен бірлігінің кепілі. Әр буын оны құрметтеп, қорғауға тиіс. Баршаңызға амандық, бақ-береке, игілік тілеймін, – деді депутат Сайдирасулхан Ералиев.
Мереке құтты болсын! Еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік!


