Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Ордабасы ауданында әлеуметтік бағыттағы мәселелер өз шешімін тауып келеді.

6 октября, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Ордабасы ауданында әлеуметтік бағыттағы мәселелер өз шешімін тауып келеді.
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бойынша даму қарқыны жоғары аудандардың бірі — Ордабасы. Соңғы жылдары мұнда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым саласында айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Мәселен, өткен жылы ауданда 136 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл тағы 32 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 14 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Мұны «шағын қалашық» деуге әбден болады.

Округ әкімі Бауыржан Нұрпейісовтың айтуынша, бүгінде Темірлан ауылдық округінде бірқатар маңызды құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

  • Ауданымызда тұрғын үй құрылысы жылдан жылға артып келеді. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бағыт. Халықтың өмір сапасы жақсарып келеді. Мұның барлығы аудан әкімі Азат Оралбаевтың тікелей қолдауы мен жүйелі еңбегінің нәтижесі, – деді округ әкімі.

Темірлан елді мекенінде салынып жатқан бұл үйлердің инвесторы – тәжірибесі мол «СК Абу Групп» компаниясы.  Ал құрылыс жұмыстарын «КемелСтрой Групп» мекемесі сапалы әрі талапқа сай жүргізуде. Сонымен қатар тұрғын үй аумақтарында абаттандыру, көгалдандыру және жол салу жұмыстары да қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды аталған мердігер компания жүзеге асырады.

Біз бұл жоба аясында 120 үй, 8 тұрғын блок тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Барлық құрылыс талапқа сай, сапаға ерекше көңіл бөлінуде,-деді Уалихан Монтаев – «СК Абу Групп» компаниясының өкілі .

Алдағы уақытта бұл аудан орталығында заманауи шағын қалашық бой көтеріп, тұрғындарға қолайлы жаңа орта қалыптасатынына сенім мол. Темірлан ауылдық округінде  инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй салу және әлеуметтік нысандарды жаңарту бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.

 

Алдыңғы жаңалық

Қазығұрт ауданында инфрақұрылымдық мәселелер шешімін табуда

Келесі жаңалық

Балтакөл: берекелі ауылдың жаңа белесі!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі