Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылдық округінде 4150 халық қоныстанған. Құрамына 4 елді мекен кіреді. Округке қарасты негізгі ішкі көше мен қосалқы көшелердің саны — 31. Бүгінде соның 75-пайызға жуығы жөндеуден өткен. Соның бірі, Көлқұдық елді мекенінде халық үшін жол жөндеу жұмыстары жасалып, халық игілігіне берілуде. Сонымен қатар, Балтакөл ауылдық округінде және Ақкөл елді мекенінде таза ауыз суға қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда. 300 тонналық екі резервуар салынуда. Насостық станция орнатылуда. Жобаның жалпы құны, 1 млрд 63 млн қаражатты құрайды. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылысты, осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау көзделуде. Айта кетейік, бүгінге дейін жергілікті халық таза ауыз суды сағатпен пайдаланған. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары толыққанды аяқталғансоң, ауыл халқы толықтай 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады деп күтіілуде.

- Жалпы ауылда таза ауыз судың құрылысы аяқталса 425-ке жуық абонемент таза ауызсумен қамтамасыз етілетін болады. Жұмыстар аяқталған соң, ауылдық округке қарасты елді мекендердің таза ауыз су мәселесі толықтай шешімін таппақ. Бұдан өзге, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарыда қарқынды жасалуда. Жыл сайын ауылға 2000 түп көгал егу жұмыстарын атқарамыз. Жол жөндеу жұмыстарыда кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Алдағы бір-екі жылда ішкі жолдардың асфальттау жұмыстары толыққанды атқарылады деп жоспарлап отырмыз. Жарықтандыру мәселесі бойынша да ауылдың бағаналары жаңартылып, жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ тұр,-ауыл әкімі Сейітхан Айдарханұлы.

Айта кетейік Балтакөл аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай 100 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Балтакөл ауылының құрылғанына күні кеше 60 жыл толды. Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлері ауылдың тойын жоғарғы деңгейде атап өткен.



