Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ХАЛЫҚ ӨТІНІШІН ДЕПУТАТ ОРЫНДАУДА!

8 октября, 2025
in Қоғам
0
ХАЛЫҚ ӨТІНІШІН ДЕПУТАТ ОРЫНДАУДА!
0
SHARES
142
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы – жыл өткен сайын дамудың даңғыл жолына түсіп келе жатқан өңір. Мұнда депутаттардың белсенділігі, әсіресе ауылдағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешудегі ықпалы зор.
Соның бірі, Бәйдібек ауданының мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев – сайлаушыларының сенімді депутаты. “AMANAT” партиясының іскер де, белсенді депутаты ауданның әлеуметтік нысандарын аралап, сайлаушылармен кездесті.

VIII-ші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты Шақпақ, Алғабас ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жергілікті жұртшылық депутат еңбегін жоғары бағалап, ауыл үшін атқарған игілікті ісіне өз ризашылықтарын білдірді.

Бүгінде Ерғали Аманбаев жарық, жылу, жол және өзге де әлеуметтік нысандарға қаржы бөлінуіне атсалысып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға үлес қосып келеді.

Ағыбет ауылдық округте 4 елді мекен орналасқан, жалпы халық саны – 2421 адам. Мұнда жаңадан салынған білім нысандары, жаңа жол, әсіресе пайдалануға берілген медициналық ғимарат тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Жергілікті халық денсаулық саласына жасалған қолдау үшін депутатқа алғыс айтты.

— Бұрын сырқаттанған жағдайда аудан орталығына жүгіретін едік. Енді ауылдың өзінде сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік бар. Бұл – үлкен жеңілдік,- деді ауыл тұрғыны.

Ерғали Аманбаев 1983 жылы Бәйдібек ауданының Қазата ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, аудан өміріне белсене араласатын ол бүгінде аудандық мәслихат депутаты ретінде елге адал қызмет етіп келеді. Тұрғындар оның іскерлігін алыстан емес, өз ауылдарынан-ақ байқап отыр.

Кездесу барысында Боралдай ауылындағы ағайындар электр жарығы мәселесін көтерді. Халық қалаулысы бұл түйткілді назарға алып, шешімін табу жолдарын қарастыруға уәде етті.

— Депутат – тек мінберде сөз сөйлейтін адам емес, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Әрбір мәселе өз шешімін табуы үшін біз үнемі елмен бірге болуымыз керек,-деді депутат Е.Аманбаев.

Халықтың ықыласына бөленген, іскер де адал депутаттар қатары көп болсын.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан жол қызметі – қауіпсіз қозғалыстың кепілі!

Келесі жаңалық

САРЫАҒАШ: АУДАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МОБИЛЬДІ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі