Баршаңызды 25-қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір қазақстандық үшін бұл маңызды оқиға ұлттың бірлігін, мемлекеттің дамуын және халықтың еркіндігін бейнелейді. Республика күні – елдің тарихындағы осы маңызды кезеңді еске алып, мемлекеттілікті дәріптейтін ерекше мереке. Баршамызға еліміздің даму жолында аянбай қызмет ету бұйырсын. Қасиетті Түркістан қаламыз гүлденіп, ілкімді істеріміз көп болсын. Мен Түркістан қаласының тұрғыны ретінде, өз туған жеріме қызмет ету жолында еліміздің іргесі мықты болуын тілеймін.
Егемендігіміз мәңгі болсын! Әрқайсыңыздың жүрегіңізде Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш және патриоттық сезім арта берсін! Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.
Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір.
Халқымыздың бірлігі мен татулығы әрдайым сақталып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Баршаңызға бейбітшілік, тұрақтылық және мол табыс тілеймін. Республика күні құтты болсын!
Құрметпен, «Түркістан жол қызметі» КММ басшысы Бағдат ҚАЛМҰРЗАЕВ!


