Республика күні құтты болсын!
Бұл – ел тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі.
Тәуелсіздіктің бастауы болған Республика күні – баршамыз үшін мақтаныш пен рух беретін ерекше күн.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін!
Еліміз әрдайым бейбітшілікте, бірлікте, ынтымақта өмір сүре берсін.
Бабалар армандаған азат елдің болашағы жарқын болсын!
Сауран аудандық мәслихат депутаты ретінде туған ауданымыздың дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында еңбек етіп келемін.
Қазір Сауран ауданы жаңарып, әлеуметтік нысандар жөнделіп, ауылдар ажарланып келеді.
Бұл – аудан әкімі Мақсат Асылбекұлының жетекшілігімен және ел үшін еңбек етіп жүрген барша азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Мереке құтты болсын, қазақстандықтар!
Арсылан Раматуллаев
Сауран аудандық мәслихат депутаты


