Баршаңызды бүгінгі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл тарихи құжаттың мәні мен маңызы орасан. Бұл мереке – еліміздің тарихында ерекше орын алатын, әрбір қазақстандықтың жүрегін қуанышқа бөлейтін күн.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Біз халық сенімін арқалаған депутат ретінде, жыл сайын осы маңызды шараның куәсі болып, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, құрметтеуге атсалысамыз. Еліміздің даму жолында, елдігімізді айшықтайтын мағыналы мерекеде оның қадір-қасиетін барынша насихаттауға жұмыла жұмыс жасаймыз. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Еліміздің болашағы жарқын, халқы аман, бірлігі бекем болғай!
Республика күнімен құттықтай отырып, әрбір қазақстандыққа мықты денсаулық, бейбіт өмір және толағай табыстар тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бірге тойлап, алдағы уақытта да еліміздің даңқын асқақтата берейік!
Еліміздің егемендігі баянды болсын!
Көк туымыз көкте самғасын.
Құрметпен, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Қайрат ЖҮСІПОВ!


