Сіздерді еліміздің қастерлі мерекесі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздікке бастаған тарихи жолының символы, еліміздің бірлігі мен тұтастығын айшықтайтын ерекше күн. Республика күні әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ел игілігі жолындағы жауапкершілігін сезіндіретін маңызды мереке.
Тәуелсіздік жылдары мемлекетімізде жастар мен балалардың дамуына кең мүмкіндік ашылды. Осы бағытта мен, Түркістан облысы бойынша Бала құқықтарын қорғау жөніндегі сенімді өкіл ретінде, өскелең ұрпақтың қауіпсіз және бақытты өмір сүруі үшін түрлі әлеуметтік, тәрбиелік жобаларды жүзеге асырып келемін.
Мектептер мен балабақшаларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністі арттыру бағытында тұрақты кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгінде Түркістан облысында балалардың білім алуына, спортпен шұғылдануына және шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасауға ерекше назар аударылуда. Облыстық мәслихат депутаты ретінде мен де бұл бағытта өз үлесімді қосып, ауданға инвестиция тарту ісінде белсенді жұмыс атқарып келемін.
Республика күні – өткенімізге тағзым, келешекке сенім ұялататын мереке.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, елімізге бірлік пен береке тілеймін!
Отанымыз өркендеп, әр шаңырақта шаттық пен шуақ орнасын!
Құрметпен,
Динара Егамбердиева
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,
Түркістан облысы бойынша Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі.


