Биылғы жылға пайдаланылмай немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін оның ішінде жайылымдарды қоса алғанда мемлекет меншігіне қайтару бойынша, Сайрам ауданына 1000 гектар жоспары бекітілген. 9 айдың қорытындысымен 801 га жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына қайтарылып 9 айдың бекітілген жоспары толығымен орындалған. Бұл туралы Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Амангелді Ордабекұлы мәлімдеді.

- Бүгінде Сайрам ауданы бойынша биылғы жылға 32 рет аудандық жер комиссиясының отырысын өткіздік. Жалпы 780 өтініш қаралды. Комиссия отырысында жер учаскесін беру және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қабылданған қорытындыларды ауылдық округ әкімдеріне тұрақты түрде жолдап отырамыз. Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы мен Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тараптарынан қойылатын талаптар аудан бойынша толығымен орындалып отыр деп айта аламыз,-деді Амангелді Жүнісбеков.
Сонымен қатар, Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі заңды және жеке тұлғалар арасында жер телімін жалға беру туралы типтік шарт және жер учаскесін сатып — алу, сатудың келісім шартын жасап жалпы бюджетке 313 451 106,0 теңге қаржы түсірген. Аудандық жер қатынастары бөлімімен 2025 жылдың 9 айында жалпы 2728 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Электронды портал арқылы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын» бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 3000 – ға жуық. Сайрам ауданы аумағында «Түркістан БГҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы қуаттылығы 100 мегаватт болатын электр станциясының құрылысын іске асыруда. Аталған жоба өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізеді. Электр станциясын тұрақты отынмен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта табиғи газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
- Жалпы аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, жер және тұрғын үйге қатысты құжаттарды рәсімдеу бойынша нақты бағыт-бағдар беріліп, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жер қатынастары саласындағы мәселелердің тиімді шешілуіне жұмыс атқарамыз,-деді А.Ордабекұлы!
Ақпарат тілшісі


