Құрметті жерлестер!
Бүгін – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекетіміздің мәңгілігін айшықтайтын ұлық мереке – Республика күні!
Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, ел болашағына деген сенімінің символы. Бүгінде еліміз қарқынды дамып келеді. Сол даму жолында халқы ең көп аудандардың бірі – Сарыағаш ауданында да ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен соңғы жылдары инфрақұрылымдық жобалар қарқын алып, су, жол, жарық сияқты өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Биылғы жылы Сарыағаш ауданында 5 елді мекенде ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 63 елді мекеннің 54-і таза ауыз сумен қамтылған, ал қалған 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде аудан бойынша ауыз сумен қамтылу деңгейі 85,7 пайызға жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл игі істердің жүзеге асуына депутат ретінде өз үлесімді қосып, ел игілігі жолында еңбек етіп келемін.
Республика күні құтты болсын!
Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
Бірлігіміз бекем болып, ел дамуына баршамыз бірге үлес қоса берейік!
Құрметпен,
Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты
Пердеқұлов Қайрат Құралбайұлы


