Сауран ауданының әкімі Мақсат Асылбекұлының халықпен есептік кездесуі өтуде. Бүгін Орынғай ауылдық округінде өткен кездесуде мәселелер мен халықтың наразылығы ауылдың шынайы ахуалын көрсетті. Баяндамалар аяқталған соң, сөз тізгінін халық алды. Тұрғындардың сөзі ауыр, жан айқайы да өзекті.
Халықтың арманы қағаздағы жоспар емес, жарығы жанған, суы бар, жолы тегіс, тіршілігі тынымсыз ауылда өмір сүру.


