Суббота, 13 декабря, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ДЕПУТАТТАР БІЛІМ ҰЯЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

10 ноября, 2025
in Әлеумет
0
ДЕПУТАТТАР БІЛІМ ҰЯЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облыстық мәслихатының желтоқсан айында өтетін кезекті сессиясында Түркістан облыстық білім басқармасының есебі тыңдалады.

Осыған орай, аталған мәселені зерттеу және дайындау бойынша Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың Өкімімен уақытша депутаттық комиссия құрылды. Халық қалаулылары Сарыағаш, Келес, Сайрам аудандарындағы білім мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Іссапар барысында Түркістан облысы мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Жамшидбек Туламетов, Уәлихан Рахиев, Қайрат Салыбек, Жәнібек Сүлейменов алдымен Келес ауданына барды. Уақытша депутаттық комиссия мүшелері аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесіп, проблемалық мектептердің жағдайын талқылады. Мәселен, Сарыжылға ауылында орналасқан №50 бастауыш мектепте асхана, кітапхана, спорт залы, акт залы жоқ. Мектеп 1976 жылы ыңғайластырылып салынған. Оқушылардың сапалы білімен сусындауы үшін жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.

Ал, Ұшқын аулындағы №24 Ұшқын негізгі мектебі 1962 жылы салынған. Мұнда 155 оқушы білім алады. 10–11-сыныптағы 24 оқушы Қошқарата елді мекеніндегі З.Рүстемов атындағы мектепке қатынап оқиды. Ғимарат ескі, асхана, кітапхана және спорт залы жоқ. Ауылға 200 орындық жаңа мектеп салу қажет. Сондай-ақ, №46 Абай атындағы жалпы орта мектебінің негізгі ғимараты 1976 жылы салынған. Білім ұясына күрделі жөндеу қажет.

Түркістан облыстық мәслихат депутаттары жұмыс сапары аясында Сарыағаш ауданына барып, аудан әкімі Арман Абдуллаевпен кездесті. Жүздесу барысында білім беру нысандарының ахуалы талқыланды. Әсіресе, аудандағы бірқатар мектептердің мәселелері назарға алынды. Атап айтқанда, Жібек жолы ауылындағы №58 Марғұлан атындағы мектепке спорт алаңы қажет екені айтылды. Сондай-ақ, №3 Ломоносов атындағы мектеп ғимаратының тозғандығына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі көтерілді.

Халық қалаулылары Сайрам ауданына да барып, білім беру нысандарының жағдайымен танысты. Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов облыстық мәслихат депутаттарына оқу жылының II тоқсанында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнда Қарабұлақ ауылындағы №41 Жамбыл атындағы мектептің асхана, кітапхана және медициналық кабинет қызметі талапқа сай емес. Мектеп 3 ауысымға өту қаупінде. Сондықтан, ауылға 500 орындық жаңа ғимарат салу қажеттілігі туындап отыр. Ал, Манкент ауылындағы Ибрагим ата атындағы мектепке қосымша ғимарат салу мәселесі анықталды.

Бұл іссапар алдағы уақытта білім саласындағы өзекті мәселелермен тікелей танысып, өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. Анықталған түйткілдер білім саласын дамытуға, оқу процесінің сапасын көтеруге және мектеп инфрақұрылымын жақсартуға арналған кешенді ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан қаласында кәріз жүйесімен қамту жұмысы 36,5 %

Келесі жаңалық

Ата-аналарды қорғаудан – қауіпсіз балалық шаққа!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі